Цилиндрлік тісті беріліс ілінісуінде әсер ететін күштер
Ілінісудегі күштерді анықтауда теоретикалық механика әдістерін пайдаланылады, ал үйкеліс күшін олардың аздығынан ескерілмейді.
Тісті беріліс доңғалақтарын және онымен байланыстағы детальдарды беріктікке есептеуді орындауда ( – бөлгіш шеңбер диаметрі), ( = 20° - профильдік ілінісу бұрышы) деп қабылдау мүмкін, мұндай ауыстыру елеулі қателік енгізбейді. Сондықтан мұнан былай ерекше ескерту болмаса, тек геометриялық есептеуден басқа, есептеулерді тісті доңғалақтың бөлгіш шеңбер диаметрі үшін орындаймыз (жүргіземіз).
Екі түзутісті цилиндрлік доңғалақтың контактын (контакт, contact) қарастырамыз (3.1- сурет). Жеңілдету үшін тістердің контакты ілінісу полюсінде P болады деп қабылданады. Контактағы тістердің жұмыс жазықтығының жалпы нормалына ілінісу сызығы бойымен бағытталған нормаль күш қойылған. Бұл күштің доңғалақ (шестерня) өсіне қатысты моменті сыртан әсер ететін айландырушы моментті теңестіруі тиіс, сондықтан оның бағыты айландырушы момент бағытына қарама-қарсы бағытталған.
3.1- сурет - Түзутісті цилиндрлік доңғалақтар ілінісуіндегі күштер
нормаль күшін шеңберлік және радиал құраушыларына ажыратамыз
мұнда – шестерняның бөлгіш шеңбер диаметрі, мм; –тісті берілістің ілінісу бұрышы, град.
Тісті доңғалақ үшін күштердің бағыттары қарама-карсы.
Жетектеуші доңғалақ (шестерня) үшін шеңберлік күштің әсер ету бағыты оның айналу бағытына қарама-қарсы, ал жетектегі доңғалақ (доңғалақ) үшін оның айналу бағытымен бірдей. Тісті доңғалақтардың радиал күш векторы, олардың центріне қарай бағытталған.
Қиғаш тісті цилиндрлік берілісте нормаль күш өзара перпендикуляр бағытталған үш күшке: шеңберлік , радиал және өстік құраушысына ажыратылады (3.2- сурет)