Мои Конспекты
Главная | Обратная связь

...

Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Тістредің бұзылу түрлері.





Помощь в ✍️ написании работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Тістердің сынуы. Тістердің сынуы тісті доңғалақтардың ең көп таралған бұзылу түрі. Сынуды екі түрге ажыратады [Иванов]:

- шамадан көп үлкен соққы (динамикалық) немесе статикалық сипатты жүктемеден сыну (3.5 а- сурет);

- ұзақ айнымалы жүктемеден (қажулық сипаты) пайда болатын қажулық сыну, оның әсерінен кернеу шоғырлану зонасында (тістің табанындағы созылу зонасында) қажулық жарықтық пайда болады және өседі (3.5 б- сурет). Жарық өлшемдері өседі және сондай мәндерге жетгенде тістің бөлегі опырылады немесе сынады.

 

а) б)

3.5- сурет – Тісті доңғалақ тістер бұрышының опырылуы және тістің табанындағы созылу зонасындағы қажулық жарықтың пайда болуы (б)

 

Қажудан бұзылуды болдырмау үшін тістің модулін үлкейтеді, тістің табанындағы кернеу шоғырлануын төмендетеді, доңғалақ материалының беріктігін арттырады, сондықтан тісті доңғалақтарды иілу беріктігіне есептейді.

Тіс беттерінің бұзылуы. Тістер беттерінің бұзылуының барлық түрлері контакт кернеуге және үйкеліске байланысты. Тістер беттерінің бұзылуының түрлері мыналар:

- тістер беттерінің боялуы тісті доңғалақтардың аса таралғаны болып, жақсы майланатын жабық берілістерге сипатты және айнымалы контакт кернеу әсерінен пайда болады (3.6- сурет). боялуы қажулық сипатқа ие болып ілінісу полюсінде контакт бетерінде кішкентай шұңқырша пайда болудан басталып, олардың өсуі локальды участкелерде беттің бөлінуіне әкеледі.

Боялудың алдын алу шарасы тісті берілісте контакт беріктікке тексеруді жүзеге асыру (тісті доңғалақ өлшемдерін контакт беріктігі шартынан анықтау);

 

 

3.6- сурет – Тісті доңғалақ тістерінің актив беттерінің контактты бұзылуы

 

- тістердің абразивті тозуы майлаудың жеткіліксіздігі және ортаның өте ластану жағдайында пайдалануда ашық берілістің жұмысқа қабілеттігінің бұзылымының себебі (3.7- сурет). Сонымен тіс беті үйкелінеді (қажыланады), ал тістің өзі жіңішкереді. Тозу нәтижесінде профиль кескінінің бұзылуы динамикалық жүктеменің өсуіне, иілу кернеуінің жоғырлануына әкеледі және оның салдары тістің сынуы. Тозу тісті ілінісудің басқа параметрлеріне әсер етуі мүмкін (анықтық дәрежесін жоғалту, жоғарыланған шу, вибрация және т.б.).

Тозуды төмендету үшін контакт беттерінің қаттылығын жоғарылату арқылы тістердің тозуғақарсыласын жоғарылату, контакт зонасына абразивті бөлшектердің түсуінен сақтау, жоғары тұтқырлықты майлау материалдарын қолдану, сонымен қатар тозудың алдын алу шарасы тісті берілісті иілу беріктікке тексеруді жүзеге асыру (тісті доңғалақ өлшемдерін иілу беріктігі шартынан анықтау);

 

 

3.7- сурет – Тісті доңғалақ тістерінің тозуы

 

- тістердің қажалуы (заедание) жоғары жүктелген мен жоғары жылдамдықты берілістерде байқалады және жоғары контакт кернеуден майлы жұқа қабығының ажырауы салдары болады. Бұл металдың бет қабатының молекулярлық тұтасуынан пайда болады және кейіннен тістердің сырғанау процессінде бұл байланыстар бұзылады.

Қажалудың алдын алу шарасы: химика-термикалық өңдеу арқылы тіс беті қаттылығын жоғарылату, қажалуғы қарсы майлау материалдарын қолдану және т.б.

- пластикалық жылжу (пластический сдвиг);

- тістің қатты беті қабатының ажыралуы (отслаивание).

Сондықтан жалпы машинажасауда қолданылатын тісті берілістің жұмысқа қабілеттілігі негізгі критериясы иілу және контакт беріктік, сонымен қатар тозуғатөзімділік болады.

 

Доверь свою работу ✍️ кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.