1. Гиперболоидты берілістердің түрлері. Бұрамдық берілістер туралы жалпы мәліметтер.
2. Бұрамдық берілістің геометриялық параметрлері. Дайындау дәлділігі.
3. Бұрамдық берілістің механикасы (кинематикасы, іліністегі күштер, берілістің пайдалы әсер коэффицентті).
4. Берілістің жұмысқа қабілеттілігінің критериялары және беріктікке есептеу (контакт пен иілу беріктігіне есептеу).
5. Бұрамдық беріліс бөлшектерінің материалдары және мүмкіндік кернеулері.
Жалпы мәліметтер
Тісті доңғалақтарөстері айқасқан беріліс – гиперболоидты беріліс деп аталады. Гиперболоидты берілістердің ішінде ең көп таралғаныбұрамдық (червякты) (5.1, а - сурет), винтік(5.1, б - сурет) және гипоидтық берілістер (5.1, в - сурет) орын алды.Винтік дәне гипоид берілістер арнайы машиналарда қолданылады.
а) б)
в)
5.1 – сурет. Гиперболоитды беріліс: а – червякты; б – винтік; в - гипоидты
Бұрамдық берілістер өзара айқасатынбіліктер өстері арасында айналмалы қозғалысты беруді қамтамасыз етеді. Айқастық бұрышы әдетте жиі 90° тең.
Бұрамдық беріліс конструкциясы бойынша тісті-винтік механизм болып, өзінде екі механизмнің қасиеттерін бойына сыйғызады. Ол екі негізгі бөлшектен тұрады: жетектеуші буын – бұрамдық және жетектегі – бұрамдық доңғалақ.
Бұрамдық түрлері:
- бұрамдықтың формасына байланысты: цилиндрлік және глобоидтық болып бөлінеді;
- цилиндрлік бұрамдық бұрандасыныңвинтік бетінің формасы бойынша: архимедтік, конволюталық және эвольвенталық болады(5.2- сурет);
цилиндрлік бұрамдық профильдері:
5.2- сурет - Цилиндрлік бұрамдық бұрандасының винтік бетінің формасы түрлері