Беріліс қатынасы. Бұрамдықты берілісте тісті берілістен өзгешелігі шеңберлік жылдамдықтарv1 жәнеv2 бір-біріне 90° бұрышпен әртүрлі жазықтықта бағытталған және шамасы жағынан әртүрлі. Сондықтан бұрамдықты беріліс мынадай ерекшеліктерге ие: беріліс қатынасы диаметрлер қатынасымен d2/d1 өрнектеп болмайды, салыстырмалы қозғалыста бастапқы цилиндрлер домаламай сырғанайды. Бұрамдықтың бір айналғанда, бұрамдық доңғалағы бұрамдықтың кірім санына тең доңғалақтың тістер санын қамтитын бұрышқа бұрылады. Доңғалақтың толық айналуы үшін бұрамдықтыңz2/z1 айналуы қажет, яғни
мұндағыω1, n1, z1 – бұрамдықтың бұрыштық жылдамдығы, айналу жиілігі және кіріс саны;
ω2, n2, z2– бұрамдық доңғалағының бұрыштық жылдамдығы, айналу жиілігі және тістер саны.
Бұрамдықтың кіріс саны мұнда тісті берілістегі шестерняның тістер саны функциясын орындайды. Себебі,z1 кішкентай және көбінесе бірге тең (бұл нәрсе шестерняда болуы мүмкін емес) болғандықтан, онда бір бұрамдықты жұпта үлкен беріліс қатынасын алуғаболады. Бұл бұрамдықты берілістің негізгі артықшылығы болады.
Күш беретін бұрамдықтыберілістерде беріліс қатынасыi = 10 80аралығында ұсынылады. Көп жағдайларда бұрамдық жетекші болады.
Іліністегі сырғанау. Бұрамдық орамдары қозғалыста винттік жұп-тағыдай доңғалақ тістерімен сырғанайды. Сырғанау жылдамдығыυsбұрамдық винттік сызығына жанама бойынша бағытталған. Ол салыстыр-малы жылдамдық болып бұрамдықтың және доңғалақтың абсолют жылдамдықтарының геометриялық айырмасына тең. Бұл жағдайда бұрамдықтың және доңғалақтың абсолют жылдамдықтары болып олардың шеңберлік жылдамдықтарыυ1 жәнеυ2 (3.23-сурет); немесе және ары қарай
мұнда γ – бұрамдық винт сызығының көтерілу бұрышы. Амалда γ < 30° болғандықтан, бұрамдықты берілісте υ2 әрқашан υ1 едәуір кіші, ал υsболсаυ1 үлкен.
Бұрамдықты берілістерде сырғанаудың үлкен болуы ПӘК-тің төмен-деуіне, тозудың жоғарылауына және желінуге бейімделуіне себеп болады.
5.4-сурет - Бұрамдықіліністегі сырғанау жылдамдығы