Бұрамдықты берілісте энергияның шығыны ілінісудегі, бұрамдық пен доңғалақ біліктерінің тіректеріндегі шығындары және бұрамдықты редукторда майларды араластыру мен шашу шығындары себеп болады. Сондықтан бұрамдықты берілісте ПӘК үш дербес коэффициенттің көбейтіндісі ретінде анықталады
,
мұндағы ηп- біліктер тіректеріндегі шығындарды ескеретін коэффициент (0,98 - 0,99);
ηр-редукторда майларды араластыру мен шашу шығындарынескеретін коэффициент (0,96 - 0,99);
мұндағыφ-үйкеліс бұрышы (град.), ол үйкеліс коэффициентіf арқылы анықталады (φ≈arctan(f)), мысалы, егерf = 0,04болса, ондаφ = 2°17ʹ.
Егер бұрамдықтың винт (бұранда) сызығының көтерілу бұрышы үйкеліс бұрышынан кем болғанда, яғниγ≤φболғанда η≤ 0,5 болады және беріліс өздігінен тежелетін болып қалады, яғни егер бұрамдықты доңғалақ жетекші болса, онда күш бағытының өзгеруі салдарынан мынаны аламыз:
Сырғанау үйкеліс коэффициентіf өз кезегінде қанағаттандырарлық майлауда сырғанау жылдамдығына υs тәуелді болады (3.68-формуланың бірінші өрнегі). Сырғанау үйкеліс коэффицентінің f және үйкеліс бұрышының φ сырғанау жылдамдғынаυsтәуелділігі 3.19-кестеде келтірілген, мұнда бұрамдық болаттан және бұрамдықдоңғалағы қола қоспасынан жасалған.
3.19-кесте
Үйкеліс коэффициентінің f және үйкелісбұрышының φ сырғанау жылдамдығынаυsтәуелділігі.
υs, м/с
f
φ
υs, м/с
f
φ
0,25
0,065-0,075
3°43' - 4°17'
2,5
0,03-0,04
1°43' - 2°17'
0,5
0,03-0,04
3°09' - 3°43'
0,028-0,035
1°36' - 2°'
1,0
0,045-0,055
2°35' - 3°09'
0,023-0,03
1°25' - 1°43'
1,5
0,04-0,05
2°17' - 2°52'
0,016-0,024
0°55' - 1°22'
2,0
0,035-0,045
2° - 2°35'
0,014-0,020
0°48' - 1°09'
Бұрамдықты берілістің ПӘК мәні бұрамдықтың кіріс санына байланысты, себебі бұрада сызығының көтерілу бұрышы γ өседі. Мысалы, z1 = 1болғанда ПӘК шамаменηч = 0,7 0,75 қабылдайды, ал z1 = 2 ηч = 0,75 0,82, z1 = 4 ηч = 0,87 0,92.
Сондай-ақ бұрамдықты берілістің ПӘК мәні сырғанау үйкеліс коэффициентінеf байланысты (немесе үйкеліс бұрышына φ). Сырғанау жылдамдығыныңυs өсуімен сырғанау үйкеліс коэффициенті f(немесе үйкеліс бұрышы φ) кемуі мүмкін, онда берілістің ПӘК-і өседі.
Егер бұрамдықтың бұранда сызығының көтерілу бұрышы γ үйкеліс бұрышынан φ кем болса, онда ол өздігінен тежелетінбұрамдық берілістер деп аталады.