Мои Конспекты
Главная | Обратная связь

...

Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Ілияс – абайтанушы. 5 страница





Помощь в ✍️ написании работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Ілиястанудың арнасы жыл өткен сайын кеңейіп, жаңа зерттеулермен толықтырылды. Профессор М.Иманғазинов Ілияс Жансүгіровтің әдеби мұражайында қызмет істеген кезеңнен бері (1991ж.) мұрағат құжаттарымен жұмыс жасап, Ілиястың ғұмырнамасы, өлімі, ақталуы жайлы жаңа, құнды пікірлер білдіріп келеді. Талай жылғы ізденістерінің нәтижесін «Ілияс Жансүгіров» (Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2004ж.) деген монографиясын шығару арқылы халыққа жеткізді.

Мұрат Әбiлқақовтың «І.Жансүгіровтың драмалық шығармаларындағы тартыс пен қаһарман» (2003ж.) еңбегінде драмалық шығармалары тұңғыш рет монографиялық үлгіде талданып, поэтикалық тұрғыда қайта бағаланған. Қаламгердің драма жанрын игеруге деген алғашқы қадамынан бастап, драматургия шарттылықтарына жауап беретін толыққанды пьесасын дүниеге әкелгенге дейінгі жазушының үйрену, жетілу, шеберлік шыңдауы тәрізді кезеңдері айқындалады. Қаһарман бейнесін сомдау мен характерін жасау жолындағы автордың әдіс-тәсілдері бағаланады. Қарапайым кейіпкерді тағдырдың талқысына салып шыңдау арқылы типтік деңгейдегі драмалық кейіпкер жасау шеберлігін меңгеруі, драмалық тартысты туындатар шеберлігі әр қилы сапада зерделенген.

Әбілхан Әбіласан І.Жансүгіровтің әлі ешкімнің көзіне түспей жатқан дүниелерін мұрағат қойнауынан шығарып, Iлиястың өз қолымен жазылған қолжазбаны араб графикасынан тiкелей зерттеп, қазiргi кириллицаға аударып, «Жетісу» (Алматы, «Ценные бумаги» баспасы, 2001ж.) жинағын шығарды. Еңбекте қазақтың өткен өмірінің шынайы болмысы, Кенесары көтерiлiсi, Жетiсу, Балқаш, Жаркент өңiрiн орыс елiнiң жаулап алуы, сол тұстағы ел өмiрi жайлы шынайы жазылған деректер кеңес өкiметiнiң саясатына қиғаш келетiндiктен социалистiк цензураның кесiрiнен кезінде жарық көре алмаған. Тек тәуелсiздiк алғаннан кейiн ғана бұл іске асырылды. «Негiзiнен, Iлияс Жансүгiровтiң мұрағат материалының үштен бiр бөлiгi - қазiргi кезеңге дейiн жарық көрген шығармаларының түп дерегi, жазылу жайының күретамыры. 15–ке тарта қалың бумаларда (папкаларда) Iлиястың өз қолымен жазған 12 қойын кiтапшалары мен дәптерлерi жатыр. Оны оқып қараған адамға әлi де болса талай тың жатқан деректiң ашылатыны сөзсiз»,-дейді ілиястанушы ғалым М.Иманғазинов.

И. Боранбаева, Ә. Әбіласанұлы мен бірқатар жауапты адамдар «Құжаттар, хаттар, күнделіктер, дала хикаялары» атты мұрағаттар материалдарының негізінде жинақ (Алматы, «Үш қиян» баспасы, 2006ж.) құрастырып, шығарды. Кітапқа 1920-1964 жылдар аралығындағы Ілиясқа қатысты құжаттар жинақталған. Кітап екі бөлімнен тұрады. ҚР Орталық мемлекетті мұрағатындағы ақын мұралары сақталған жеке қордағы (ҚРОММ-1368-қор) деректер мен мәліметтер берілген. Кезінде кейбір мәліметтер цензураға байланысты, ал бертінде араб әліпбиіндегі қолжазбаларды оқитын зерттеушілердің сиреуіне сәйкес қозғаусыз қалып келген. Бұл еңбек- сол олқы тұстың орнын толтырар ғылыми маңызы зор жинақ.

Академик Т.Сыдықовтың «Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы» (2011ж.) атты монографиялық зерттеуі ілиястануға қосылған қомақты еңбек. Т.Сыдықов – өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бері қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелері бойынша іргелі еңбектер жазып жүрген үлкен ғалым. Жетісудан шыққан ақын-жазушы, әдебиетші ғалымдардың шығармашылығын Ілияс Жансүгіров дәстүрімен байланыстыра зерттеп жүрген білгір маман. Осы бағытта терең ғылыми білім беруге негізделген «Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы» монографиялық зерттеуінің алғашқы тарауын Ілиястың поэзиялық туындыларын жаңаша көзқарас тұрғысынан пайымдауға арнаған. «Жетісудың жүрегі немесе Ілияс жайлы сөз» бөлімінде социалистік құрылыстың жыршысы деп бағасын асқақтата көтеруге тырысқан кешегі сыншы, зерттеушілердің еңбегі еш болған тұста профессор Т.Сыдықов Ілияс та өз заманының перзенті, жыршысы екенін, кемшілікке санамайды. Оның шығармашылығын пәтуасыз идеологияның жеміне, құрбандығына шалмайды, осы уақытқа дейін жеріне жеткізе айтылмай келген көркемдік шеберлік, эстетикалық нысана іздеп, ақындық дарынның қуаты мен жалынын, поэтикасын бұрынғыдан да биіктетіп, жаңаша қарастырған. «Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап...» немесе І.Жансүгіров-жастықтың жыршысы» және «Ұлылыққа тағзым немесе Ілияс лирикаларының көркемдік кестесі» бөлімінде Ілиястың өлеңдеріне сыншыл көзқараспен қарап, әділ бағасын береді. Оқырманын қандай талантпен табысып отырғанына шығармаларын талдау үстінде танытып, табыстырады.

«Қара қобыздың киесі немесе І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасына жаңаша көзқарас», «Хан Сарайынан күйшінің қара қосына дейін немесе «Күйші» поэмасына жаңаша көзқарас», «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» немесе І.Жансүгіровтің «Рүстем қырғыны» поэмасының ұлағаты» бөлімндерінде Т.Сыдықов шығармашылық процестің ішіне еніп, тың ойлар, соны ғылыми тұжырымдар жасауға тер төгеді. Қай-қайсысы жайлы сөз қозғаса да бимәлім тың пікірлер айтуға, тосын ғылыми түйіндердің бүгілгенін жазып, бүркенгенін ашуға тырысады. Ғалым еңбегінде осылардың әрқайсысы жайлы бұрын-соңды жазылған мақала, зерттеулерді назарынан тыс қалдырмай оқып, қорытып, өз ғылыми толғамдарын алдыға тосады. Зерттеу еңбек тың ойларға кенен, Ілияс жайлы мол мағлұмат, терең білім беретін ғылыми сараптаулардан тұрады.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы қазіргі таңға дейін үш библиографиялық көрсеткіш құрастырылған:

1) Аяулы азаматтың ұрпағына қалдырған мұрасын іздеу, табу, жинастыру ісіне мұрағат пен кітапхана қызметкерлері де белсене араласып, ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге елеулі үлес қосты. 1973 жылы ақынның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақ ССР-нің А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхананың бастамасымен филология ғылымдарының кандидаты Ә.Дайырова, библиографтар Т.Кененова, С.Қойшыманова, Ф.Эльконинаның құрастыруымен «Ілияс Жансүгіров» атты библиографиялық көрсеткіш шықты. Көрсеткіште 1917-1970 жылдардағы материалдар қазақ-орыс тілінде хронологиялық тұрғыда жүйеленіп берілген. Анықтама-көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиет мамандарына, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, аспиранттарға, мұғалімдер мен оқушыларға, лекторларға, кітапханашыларға және жалпы көпшілікке арналған. Анықтама қазақ және орыс тілінде дайындалған. Көрсеткішті құрастырушылар Ілиястың әлі де жарияланбаған фельетондарына, әңгімелеріне, мақалаларына, сөйлеген сөздеріне, жасаған баяндамаларына, хат-хабарларына, ел әдебиетінің үлгілерінен құрастырған жинақтарына, оқулықтарына, одақтас республикаларда, шет елдерде жарияланған шығармаларына көпшіліктің назарын айрықша аударған.

2) 1995 жылы «Қазақ әдебиетінің классиктері: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин» атты библиографиялық көрсеткіш шыққан.

3) 2004 жылы І.Жансүгіровтің 110 жасқа толуына байланысты «Ілияс Жансүгіров» атты библиографиялық көрсеткіш жарық көрді. Құрастырғандар: К.Е.Аймұхамбетова, А.Н.Нұрсейітова. Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде 1973-2004 жылдар аралығында жарияланған материалдарды қамтиды. Құрастырушылар Ілияс Жансүгіовтің өмірі мен шығармашылығына байланысты материалдарды, шығармашылығы туралы пікір айтқан авторлардың алфавиттік көрсеткішін, ақынның әдеби бейнесін жасаған шығармаларды, газеттер мен журналдардың түп-нұсқаларын жеке-жеке тарауға топтастырған.

Ілияс Жансүгіровтің әдеби мұрасын жан-жақты, тереңдеп зерттеп, игеру - үнемі даму үстінде болатын құбылыс. Қазақ әдебиеттану ғылымының алдағы міндеттерінен түспейтін өзекті мәселе болып тұра бермек.

 

Доверь свою работу ✍️ кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.