Мои Конспекты
Главная | Обратная связь

...

Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Ростверк жасау технологиясы





Помощь в ✍️ написании работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Адаларды батыру технологиясы

2.Толтырылған қадаларды жасау технологиясы

Ростверк жасау технологиясы

Қадалар өнеркәсіптік және азаматтық имараттардың іргетастарын орнату үшін, көпірлер мен эстакадаларды, жағалауларды және т.б. құрылысында тірек ретінде қолданылады. Қысқа қадалар (ұзындығы 2-6 м) толық құрамалы ғимараттарда бақанды іргетастар ретінде пайдаланылады.

Қадалар бірнеше белгілері бойынша жіктеледі, соның ішінде ең маңыздылары мыналар:

- имараттан түскен жүктемені топыраққа беру әдісі;

- құрылғы технологиясы;

- белгіленуі;

- құрылымның материалы және көлденең қимасының формасы.

Жүктемені топыраққа беру әдісі бойынша ілінбелі және тіреу қадалар болып бөлінеді.

Орнатылу технологиясы бойынша қадалар әртүрлі әдістермен батырылатын (ондай қадалар алдын-ала дайындалады) және соққыланатын – сол жерде дайындалады, болып бөлінеді.

Қолданылу мақсатына қарай жалғыз, қада шоғырлары және шпунтты болып бөлінеді.

Қадалардың жоспарда орналасуы имарат түріне, оның массасына, жүктің орналасу орнына байланысты болып келеді. Бір-бірлеп орналастыруда әрбір қада көршілес қадаға тәуелсіз жұмыс істейді. Дайындалынған салмақ басқа ауыр жүктелген тіректерден немесе бағаналардан бөлек қада түптеріне беріледі де, 3-12 дананы құрайды. Қада алаңының біріктірілген жұмыстары теңдей анықталынған күштердегі қадалар жоғарынан ростверкпен байланысады - ол не тақта, не лента болуы мүмкін. Ағаш қадалар үшін бұл мақсат аталмыш бекіткішті қолданумен жетеді.

Қаданы дайындауға қажет материал ретінде ағаш, металл, бетон мен темірбетон, нығыздалынған топырақ, құм, қиыршықтас, топырақты бетон қолданылады.

Көлденең қима формасы квадратты, тіктөртбұрышты, көпбұрышты, дөңгелек болады. Қадалар жазықты қималы немесе қуысты, тұрақты ұзындығы бойынша қималы немесе пирамидалы бола алады.

Ілініп тұрған қадалар салмақты имараттан топыраққа қаданың бүйір беті және топырақ арасы үйкелісі есебінен беріледі, тұрақты қадалар – тереңдегі қада соңының топырақтың тығыз қабатына сүйенуімен сипатталады.

Қағып кіргізілетін қадалар топыраққа әртүрлі тәсілдер арқылы батырылады – статикалық, динамикалық және комбинациялық.

Статикалық тәсілдер – бұл қысу, су шайып кету, бұрап тастау.

Қысуды жазықты және құбырлы қималардағы қысқа қадаларды батыруда қолданылады, ол ылғалды сазға және суглинкалы топыраққа темірбетон қадаларын батыруда тиімді болып келеді. Қысу үшін мынадай қондырғыларды қолданады (5.2 -сурет), екі тракторда монтаждалған салмақты полиспаст пен құрсау жүйесінен қадаға жіберіледі де, оны жерге енгiзедi. Тәсілдің артықшылығы – қада енгізілетін жердің жанында орналасқан ғимараттар мен имараттарға динамикалық әсер етпеуі.

5.1-сурет. Жүкті жерге беру тәсілі бойынша ерекшеленетін қадалар: а – ілініп тұрған қадалар, б – тұрақты қадалар.

Сумен жуып шаю әдісі арқылы қаданы батыру технологиясы жылдамдатылады. Ол технология былайша жүргізіледі: жердегі қада жанына екі жуу құбырларын түсіреді. Сол құбырлар арқылы қысыммен су жібереді. Су, жерді сулау арқылы қада шетін дымқылдайды, осылайша оның жердің бүйір бетімен үйкелісін айтарлықтай төмендетеді, нәтижесінде өзінің салмағы әсерінен қада жерег батырылады. Әрине, бұл тәсілді ілініп тұрған қадаларға қолдануға болмайды – себебі, үйкелісі төмендейді.

Бұрама қадаларды жерге түсіріп, бұрап бекітеді – бұл қадалардың ұшында бұрандалары болады. Ол үшін арнайы жабдық – кабестандар қолданылады. Кабестан екі ұсатуыш түрі бар, қаданы құшақтап, жерге айналмалы қозғалыста тиеу барысында беру механизмді жабдық болып табылады. Үлкен ұзындықты қадаларды бұрап бекіту үшін кабестандарды жүзбелі немесе құрғақжолды крандарда монтаждайды, ал ұзындығы 8 м дейінгілерді автомобиль базасына мобильді қондырғыларды қолданады. Бұрама қадаларды қолдану негізі болып егер іргетасты тасымалдау барысында жұлынған күштер пайда болған жағдайда ғана. Қаданы бұрап бекіту тік және 10 м тереңдікке иіліпте іске асырылады.

5.2-сурет. Қаданы тиеуге қажет жабдықтар:

а - экскаватор базасындағы қадалық жабдықтар; б – қаданы қысуға арналған қондырғылар; в –шығырлы қондырғы; г- төмен жиілікті дірілдеткіш тиеуші;

д –жоғары жиілікті дірілдеткіш тиеуші; е – дірілдеткіш балға;

ж – жуу арқылы қаданы тиеуге қажет жабдық элементтері.

Қаданы тиеудің динамикалық тәсілі бойынша соқпалы тәсіл және дірілдеткіш тиеуші деп ажыратамыз.

Соқпа балғалар көмегімен жүзеге асады – ол жетек принципі бойынша механикалық, бу-ауалы және дизельді балға болып бөлінеді. Қайсысында да қада соғу агрегаты үш міндетті элементтерден тұрады: (5.3-сурет):

- шасси, онда агрегат қозғалады, ол трактор, экскаватор, өздігінен жүретін кран, сонымен бірге автокөлікте болу мүмкін;

- қаданың тіке орналасуына қажет және оның соғуы кезінде де бүлінбей сақталынатын аталмыш қондырғы - копер;

- және кәдімгі балға.

Механикалық балға – бұл 0,1 - 3,0 т салмақты ұстасуы бар, не шығырлы металлдық қондырғы, – арзан, қарапайым, ұзақты, бірақ өнімділігі төмен қондырғы.

5.3-сурет.Қадасоққыш агрегат:

1 – шасси, 2 – копер, 3 – копердің шығыры

Бу-ауалы балғалар, гидробалғалар, дизель балғалардың өнімділігі жоғары болады. Алғашқылары минутында-ақ 300 жуық, екіншілері - 60 жуық соққы жасайды.

Буауалы балғалар энергияны пайдалану сипаттамасы бойынша жай балғалы және екі қатарлы қозғалыстағы балғалар болып ажыратылады. Біріншілер массивті корпустан тұрады, оның ішінде бу цилиндрі орналасқан. Мұндай балғаның жұмыс жүрісі ұратын бөлігіндегі ауырлық күшінің әсерінен жүзеге асады, ал будың, не қысылған ауаның энергиясы соққыш бөлігін көтерердегі жалғыз жүрісте қолданылады. Бу-ауалы балғалардың екі қатарлы қозғалыстағыларының жай қозғалыстағы балғалардан ерекшелігі будың, не қысылған ауаның энергиясы қосымша соққы бөлігінің түсу барысындағы жылдамдығын жоғарлату үшін қолданылады.

Көбірек кеңінен тарлған түрі дизельбалғалар, олар құрылымы жағынан өте жақсы, ықшам, мобильді, үлкен сорғыш станцияларын қажет етпейді, автономды, үнемді.

Оларда бір ғана кемшілік бар, оны жұмыс жасау сұлбасын қарағанда анық көрінеді (5.4-сурет) – әлсіз жерге қаданы соғуда қиындық туады.

 

 

5.4-сурет. Дизель балға:

1 –штанга, 2 – күйдіру камерасы, 3 – цилиндр, 4 – поршень,

5 – отын беру жүйесі

Дірілдетіп батыру дірілдетіп батырушылар көмегімен іске асады – ол негізінен вибратор, қаданың жоғарғы шетіне бекітілген, яғни ол қаданың қозғалуын тудырады да қада мен жер арасындағы үйкеліс күші төмендейді, содан кейін қада өзінің салмағы әсерінен және оның үстіне орнатылған салмақпен қоса жерге енгізіледі.

Қада түрі мен топырақтың қасиеттеріне байланысты дірілдетіптиеушілер қадаға қатты байланысып қалуы мүмкін, жоғарғы жиілікті (жеңіл қадалар үшін) немесе төменгі жиілікті (ауыр қадалар үшін) вибаторларды қолдану қажет. Бұл тәсіл құмды және суға сіңірімді жерге қолдану көбірек нәтижелі. Ылғалдылығы аз тығыз жерге қаданы орналастыруда дірілдеткіш тәсілді қолдану тек көшбасшы бұрғылау құрылғыларын қолданғанда ғана іске асады.

Сазға немесе ауыр саздақты жерге қаданы дірілдеткіш көмегімен орналастыру кезінде қаданың төменгі бөлігінде сазды жастық пайда болады, ол қаданың күш көтеру икемділігін (40% дейін) айтарлықтай төмендетеді. Бұл құбылысты болдырмау үшін соңғы қимасын ұзындығы 15-20 см соққылы тәсілмен тиейді.

Комбинациялау тәсілі әртүрлі комбинацияларды: статикалық, динамикалық тәсілдерді біріктіреді: дірілдеткішбалғамен дірілдетіп соғу, жуып соғу,дірілдеткішпен қысу және де тағы сол сиякты. Көбірек әмбебапты және көбіне қолданылатыны дірілдеткішбалға.

Толтырмалы қадалар құрылымы мен дайындалу тәсілі бойынша былай ажыратылады:

- қағылмалы бетонды

- топыраққа қағылатын (бұрғылап нығыздау);

- виброқада;

- табаны кеңіле түскен қада;

- буроқағылмалы ;

- вибоқағылмалы;

- штампоқағылмалы және т.б.

Олардың негізгі артықшылықтары:

§ Әртүрлі ұзындықта дайындау мүмкіншілігі;

§ Қаданы орнату кезінде динамикалық әсерлердің болмауы;

§ Тар жағдайларда да қолданылуы;

Іргетасты күшейту жағдайында да қолданылуы.

Аталған барлық түрінде де бұрғылау талап етіледі . Егер топырақ қирауға жақын болса, онда скважина қабырғасын жағалата құбырлармен бекітеді. Буроқақпалы қадаларды тұрақты емес суландырылған топырақтарға қолданарда скважина қабырғасының қиратылуын болдырмас үшін сазды ерітінді қолданады. Қағылмалы қадалардың күш көтеру қасиетін жоғарлату үшін олар шегенделінеді.

Ростверка құрылғысының технологиясын қада типі мен ростверка құрылымына қарай таңдайды. Бетоннан және темірбетоннан болатын қада ростверкасын құрастырмалы және құймалы темірбетоннан орындайды.

Қада диаметре 50...150 см болғанда ұзындығы 20...30 м дейін жетеді. Като, Беното, Либхер фирмаларының құрылғыларын қолданып жасалынған қадалар диаметрі 3,5 м, тереңдігі 60 м дейін, күш көтеруші қабілеттілігі 500 т дейін болады.

Суөткізбейтін арқалықтар мен гидротехникалық құрылыстағы экрандар үшін , қазаңшұңқырдың тік қабырғаларын бекіту үшін және т.б. шпунтталған қадалар қолданылады, бірінен екіншісіне нығыздалынып тиелініп, жазық қабырғаны жасау үшін шпунтталған қатарлар пайдаланылады.

Шпунтталған қадалар тіктөртбұрышты ағаштан немесе үшбұрышты шпунтты тегіс металлды,U-тәрізді немесе Z-тәрізді қималы, (сур. 5.5),темірбетонды – тегіс немесе екітаврлы, үнемі кедергілі болуы мүмкін.

Сур. 5.5. Шпунтталған қадалар:

а – тіктөртбұрышты шпунтты ағашты, б – үшбұрышты шпунтты ағашты, в – тегіс металлды, г – металлды U-тәрізді, д – металлды Z-тәрізді

Сур. 5.6. Әртүрлі материалдан және әртүрлі формалы көлденең қималы қадалар

Жұмыс өндірісі қаданы орналастыру орның бөлуден басталады. Осьтерін жақпалы белгілермен бекітеді. Әрбір қадалар қатарын бөлу сол қатардағы қадалардың барлығын қабылдауы аяқталғанша сақталады. Қада ортасын қадалық істікпен бекітеді. Қаданың негізгі құрылғыларын жинау жұмыстар құрамына жеткізу, жайып салу, тиеу кіреді. Қаданы тиеу және түсіру кезінде көтеруде көтергіш ілмектер қажет. Ұзындығы 6 м болатын қадаларды көтеруде траверсойды қолдану керек. Қондырғыны бөлу ол қаданың орны мен оның бекітілуінде, қадаларды топыраққа соқпалы балғалармен орналастыру, копрды жаңа орынға жылжытып орналастыру.

Қаданы орналастыру барысында копрға қарай жылжиды да, көтеріліп, белгіленген орынға жайғасады да копрдың стрелесіне бекітіледі. Қадаларды қағу орнына жеткізеді және копрға жақын қашықтыққа орналастырылады, себебі оларды тростар арқылы көтеру үшін. Қағылынатын қаданы тік немесе жобалық бұрышпен бекіту қажет. Қада копр бағытынан алыстатылмау тиіс, бірақ сол уақытта да топырққа тиелінуде еркін жылжый алынуы керек. Қарапайым жағдайда қаданы копр ілмегінің жебесі өзіне тартады пеньковты қанаттан. Жақсы жағдайда қада бағыты үшін қағу уақытында арнайы жөргек түріндегі заттарды қолданады.

Қаданы балғамен алғаш соғуда балғаны онша үлкен емес көтеруде орындау кеңес беріледі, себебі топыраққа қаданың жеңіл отыруы және дұрыс бағытта болуы үшін. Қадаларды соғады – жобалық белгіге дейін – қада төбесі көрінетін деңгейге дейін, ал ілініп тұратын қадаларды – аталмыш жобалық қабыл алмауға дейін – ең төмен, рұсат етілетін қада өлшемінің тиелуі 10 соғылуы (“залог”), жобамен келісілген.

Мекен-жайдың формасы мен өлшеміне қарай, сонымен қатар топырақ түріне қарай қаданы тиеудің тәсілі мен сұлбасын таңдайды.

Үлкен орынды құрылыста байланыспаған топырақта жалғасылған қатарлас сұлбаны таңдайды, алдымен бір бағытта қағады, содан кейін параллельді бірінші қатарға – қайта бағытта.

Қаданың бұталы орналасуы кезінде әлсізқысылатын топыраққа қаданы спиральдік сұлба бойынша қағады, қаданың ортасынан бастап участоктың соңғы қатарына спираль тәрізді бағытталып орындалады. Үлкен аудандарда және тығыз топырақтарда қаданы секционды сұлба бойынша қағылады, оларды секция бойынша қатардан кейін тиейді.

Соқпалы қадалар кезінде көбіне бастары әртүрлі белгіде қалып қалады, құрылғыны орналастыру алдында ростверка еңбексыйымдылықты операциялар, яғни қаданың басын тегістеу. Бетонды көбіне пневматикалық шойбалғалармен орындайды. Көбірек эффективті, егер оны қаданы кесуде қолданғанда. Қағылмалы қаданың бастарын дайындағанда ростверк құрылғысының жоғарғы бетін нивелир арқылы тексереді және қажеттілік болғанда қаданың тіректі бетін бетон арласпасымен немесе цементті құмды ерітіндімен тегістейді.

Тығыз топырақ линзін немесе қағу алдында ірі тастарды қосу дұрыс болып келеді, ол скавижаның көшбасшылық қағылуын және дұрыс қағу бағытын қамтамасыз етеді.

Дәріс 7.

Тақырып: «Тұтас құймалы және темірбетон технологиясы»

Сұрақтар

1.Тұтас құймалы және темірбетон технологиясы бойынша негізгі ережелер

2.Бетондау процестерінің кешенді құрамы

3.Қазіргі замандағы қалыптар түрлері

Бетон және темірбетонды конструкциялар Ресейдегі құрылыстың барлық түріндедоминантты болмаса да, оған жақын орын алады. Ол үшін объективті және онша емес себептер көп. Конструкциялар құрамалы, құрама-монолитті және монолитті болуы мүмкін. Берілген нұсқалардың өзіндік артықшылықтары, сонымен қатар кемшіліктері де бар. Монолитті бетонды қолдану, конструктивті шешімдердің оптимизациясы, кесілмеген кеңістік жүйеіне ауысу, элементтердің бірлесіп жұмыс істеуін ескеру арқасында болаттың шығынын 7-12%, бетон шығынын – 12% төмендетуге мүмкіндік береді. Монолитті конструкцияларда жапсар қиыншылықтары оңай шешіліп, оқшаулағыш конструкциялардың жылуқорғағыш қасиеттері жақсарады, эксплуатациялық шығындар азаяды. Алайда, осы кезде құрылыс алаңында энергетикалық және еңбек шығындары өседі, себебі монолитті темірбетоннан құрылыс кезінде жұмыстың негізгі көлемі құрылыс алаңына тиесілі болады.

Курстың берілген бөлімінде біздер бетондалған конструкциялардың беріктік жинауы үшін ұстауға қажетті, спецификасы «сулы процесстерге» негізделген, монолитті бетон және темірбетон конструкцияларының тұрғызу технологиясын қарастырамыз. Құрама конструкциялардың монтажы басқа бөлімде қарастырылған, ал конструкцияның зауыттық өндірісі – мүмлдем басқа курста.

Монолитті конструкциялар тұрғызу жұмыстарының кешеніне қалыптың өндіру және орнату процесстері, шегенді өндіру мен орнату, бетон араласпасын дайындау, транспорттау және жатқызу, қалыпты бұзу жұмыстары кіреді. Алайда, құлып орнату және шегендеуді дайындық жұмыстарына жатқызады. Қалыптарды, шеген қаңқаларын, шегендіқалып блоктарын өндіру, тауарлық бетон араласпасын дайындац – бұл негізінен зауыттық өндіріс процесстері, қалып пен шегенді орнату, бетон араласпасын орнату мен жатқызу, бетонды ұстау, қалыптың демонтажы – бұл құрылыстық процесстер.

Конструктивті қатынаста қалып болуы мүмкін: сұрыптап-ауысатын майдақалқанды және іріқалқанды, көлемді-ауысатын (блокты), сырғанайтын; домалайтын; шешілмейтін және индивидуалды.

Сұрыптап-ауысатын қалыпты іргетастарды, аражабындарды, бағаналарды, арқалықтарды, қабырға режелерін және басқа конструкцияларды бетондау кезінде қолданады. Бұл, қалыптың универсалды түрі десек те болады. Мұндай қалып үшін көбіне материал ретінде пиломатериалдар, металлжаймалау және олардың үйлесімдерін қолданады. Құрастырмалы-ауысатын қалыптар жиналатын элементтер – қалқандар, короба, кружала, тағандар, сонымен қатар бөлек қырлы кеспелек ағаштар және тағандар. Ағаш қалыптың элеметтері тақтайлар мен қырлы кеспелек ағаштардан жиналып шегелермен тігіледі. Жиектері кесілген қалыңдығы 25 мм-ден кем емес ауалық-құрғақ тақталар алынады. Бетонның беті түзу және тегіс болуы үшін қалыптың бетонға тиесілі бетін сүргілейді. Осы беті бетондау алдында олифамен, әкпен майланады немесе бояулармен (лактармен) боялады.

Осындай қалыпты конструкцияның көрінісі 7.1 және 7.2 суретте көрсетілген.

1 сур. Іргетас үшін қалып

       
   
б)
 
 
б)

 


2. сур. Арқалықтар мен аражабын тақтайларының (а) және бағаналардың (б) қалыбы

 

Сұрыпты-ауысатын ағаш қалып ұзақ мерзімді қызметімен ерекшеленбейді. Оның бөлек элементтері 10-15 артық айналымды шыдай алмайды. Сондықтан да ұзақмерзімді конструкциялар жасау көзделеді, мысалы металложаймалауды қолдану, яғни ағашметаллды және металды қалыптар. Қазіргі таңда еліміздің құрылыс алаңдарында түрлі шетелдік фирмалардың көптеген қалыптау жүйелері қолданылады («Дока», «Мева», «Далли», «Тиссен», «НОЕ», «Утинор» және т.б.). Мұндай жүйелердің ерекшеліктері болып келесі конструктивті шешімдер болып табылады. Күш ұстаушы элемент ретінде металды қанқа (болат немесе алюминді), ал палуба материалы ретінде – суға тұрақты жұқа тақтай немесе түйіршіктелген жабыны бар цинктелген болат беттер қолданылады. Палуба материалы бетінің дұрыс өңделуі оны 200 айналымға дейін қолдануға, бетонды конструкци бетінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін, бетон қалдықтарынан оңай және тез тазартуға мүмкіндік береді. Қанқаға қалқалардың жеңіл бекітілуі тозған палубаны тех ауыстыруға мүмкіндік береді. Осыдан басқа, қалып элементтерін өзара байланыстыру үшңн тез әсер ететін және универсалды қысушы құралдар қолданылады (7.3 сурет).

Қызмет ету мерзімін 100 немесе одан да көп айналымға дейін ұзарту кконструкцияның түрлі тірлеріне қолдануға болатын, қалыптау жүйелерінің пайда болуына алып келеді. Осылайша, әдеттегіден элементтерінің өзараауыстырылатынымен, жоғары беріктігімен және қалыптың жиналуын жеңілдететін инвентарлы құрылғылардың болуымен ерекшеленетін сұрыпты-ауысттырылатын қалып пайда болды. Мысалы,бағаналды бетондауға арналған «Дока» фирмасының «Фрамкэко» майдақалқалы қалыбы 5 см адымды көлденең қимасы 75х75 см дейінгі бағаналарды қалуптауға мүмкіндік береді, немесе кез-келген өлшемді аражабындарды бетондауға арналған сұрыпты-ауыстырылатын қалыптар.

3 сур. Құрастырудағы аражабын қалыбы:

/ —телескопические тіректер; 2 тренога;3 — бойлық арқалық; 4 — көлденең арқалық; 5 — ламинирленген жұқа тақтаның беттеррі; 6 — қоршау

 

Құрылыс алаңындағы жүккөтеруші механизмдер мен үлкен көлемді жұмыстардың болуы элементтердің іріленуіне және сұрыпты-ауыстырылатын қалыпты жай айыстырылатынға ауыстырылуына алып келеді, яғни толығымен ауыстырылатын қалыптар. Мұндлай қалыптардың ішінен іргетастар, бағаналар үшін блокты-ауыстырылатын, біруақытта қабырғалар мен аражабындарды бетондауға арналған П-пішінді, биік имараттарды бетондауға арналған көтеріліп-ауыстырылатын, сонымен қатар конусты немесе биіктік қимасы бойынша өзгеретін қалыптарды ерекшелеп айтуға болады.

Ауыстырылатын қалыптар түрлерінің бірі пневматикалық қалып.Оны коллектор тұрғызуда, күмбезді имараттар жабындарын және жұқақабырғалы күмбезді конструкцияларын тұрғызуда ұтымды қолданады.

Қалыптың бұл түрін жоғары беріктікті тілмектелген матадан немесе берік полимерлі қабықшадан, резинолатексті материалды қабықшалрдан иілгіш қабық түрінде орындайды. Шегендеуді дисперсті кесілген әйнекталшықтармен немесе жіңішке шегенді торлармен қолданады. Бетонды шашу арқылы немесе қабаттап жағады. Жұмысшылар автогидрокөтергіште орналасады, қабаттың қалыңдығы алдын-ала орналастырылған маяктар көмегімен жобаланған қалыңдық бойынша бақыланады.

Тіреуіш қабырға, тоннелдер және ашық әдіспен орындалатын жерасты имараттары мен конструкцияларының коллекторлары сияқты, тұрақты көлденең қимасы бар, сызықтық ұзындықты имараттарды бетондау үшін бетондалған конструкцияның ішінде қалыптың жиналуы үшін механикалық құрылғысы бар және бетондалатын конструкцияның ішінде теміржолды арбада қондырылған домалағыш қалып қолданылады.

 

4 сур. Тікбұрышты тоннелді бетондауға арналған домалағыш қалып (кескін):

1 – жақтық қалқалар; 2 – домкраты бар орталық тіреуіш; 3 – продолговатое ойыс;

4 – горизонтальды қалқалар; 5 – арба; 6 – рамаларды байланыстыратын бұрыш; 7 – каткалар; 8 – сыртқы қалыптың рамасы; 9 – накладка; 10- нұсқаушы тақтай

 

Сырғанайтын қалып қозғала алады, оны бетондауда үзіліссіз жоғары көтереді және тұрақты, соңғы кездері ауыспалы қималы монолитті вертикаль қабырғалары бар биік темірбетон имараттарын тұрғыу кезінде қолданады.

Мұндай қалыпты қолдану қабырғаларында ойықтар мүлдем жоқ немесе кішкене мөлшерде ғана (силостар, түтін құбырлары, градирнялар, биік ғимараттардың қаттылық ядролары, резервуарлар, радио және теле мұнаралар) имараттарды тұрғызу кезінде аса тиімді болады. Қалып өзгермейтін конструкцияның екі бірдей биіктікті ішкі және сыртқы қалқаларынан тұрады.

Қалып арнайы букстар көмегімен домкратты біліктерге тірелетін, кеуекті бұрандалары бар домкрат көменгімен орнын ауыстырады. Домкратты біліктер көмекші шеген ретінде бетонда қалдыдыруы мүмкін, осыған арнайы арналған құбыр көмегімен шығарылуы мүмкін, қалыптан бөлек орналасуы мүмкін. Домкратты біліктердің арақашықтығы 1,2-2,0 м болады. Қалыптың жоғарыға қозғалуына байланысты бетондау минутына 1-4 см жылдамдықпен, немесе қалып қалақтарының циклдік көтерілуімен қабаттап 70-80 см орындалуы мүмкін.

Құрылыста рационалды бағыт монолитті темірбетон мен құрамалы констркцияларды үйлестіру болып табылады. Әдетте тиімді болып құрамалы және монолитті қоршауыш конструкцияларды, қабырғалар, цокольдер, іргетастар және тағы да басқа конструкциялық элементтерді комбинирлеп қолдану болады.

Шешілмейтін қалып монолитті бетонды жатқызғаннан кейін және одан кейінгі процесстерді аяқтағаннан кейін бетондалған конструкцияның денесінде қалып, онымен бірге жұмыс істейді. Қалып имараттың тек формасы мен сәулеттік көркемділігін ғана түзбейді, сонымен қатар беткі бөлігін атмосфералық әсерлерден қорғайды, конструкцияның беріктік мінездемесін арттырады, бетонның қатаю режимін жақсартады. Қалыптың ішкі бетіндегі шегеннің шығып тұруы және түзу емес, кедір-бұдырлылығы оның жатқызылатын монолитті бетонмен жақсы байланысуына көмектеседі. Шешілмейтін қалыпты қолдану жұмыс өнімділігінің артуына көмек береді.

Функционалдық тағайындалуына байланысты қалыпты пішімтүзуші конструкция ретінде, қалып-қаптама және қалып-изоляция ретінде, әдетте осы функциялардың барлығын бірге немесе оның кейбір бөліктерін қолданады. Кез-келген жағдайда бұл элементтер тұрғызылатын конструкцияның сыртқы беті болып табылады, сондықтан да олардың түрлі фактурасы да, зауыттық талаптарда жағылатын түрлі тақтайшалармен және басқа материалдармен өңделе алады.

Қалыптың зауыттық немес полигонды өндірілуі, оның өлшемдері, пішіні, конфигурациясы жобаның талабына байланысты түрлі болуы мүмкін.

Шешілмейтін қалыптың материалы ретінде профирилденген болат төсемді, керамикалық және әйнек жақтар, тіпті металл торларды да қолдануға болады. Сонымен бірге қалыпты темірбетоннан, бетоннан, шегенді цементтен, әйнекцементтен, фиброцементтен жасалатын қалыпты жазық, қабырғалы және табақшатәріздес профильді тақташалардан жасауға болады.

Дәріс 8.

Тақырып: «Жинақтау жұмыстары»

Сұрақтар

1.Жинақтау процесінің құрамы және құрылымы

2.Құрылыс конструкцияларын жинақтау технологиясы

3. Құрылыс конструкцияларын тасымалдау, қоймалау және қабылдау

Тұрғын үй құрылысында құрастырмалы темірбетон және жеңілбетон құрылымдарынан салынған үйлер көптеп кездеседі. Тұрғын ғимараттарда екі конструктивті сұлба жиі қолданылады: қаңқалы-панельді және панельді. Қаңқалы-панельді сұлба жұмыс жасап тұрған жүктемелердің қаңқаға берілуін қарастырады, осылайша ғимараттың беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз етеді. Қаңқасыз панельді сұлбада жүктемелер панельдер жүйесіне түседі (көлденең қабырғалар мен аражабындар). Ғимараттың көлденең модулі екі қатарлы тілігі бар жеңіл бетоннан жасалған бойлық күш көтеретін қабырғалармен салынады. Аражабын – көп кеуекті темірбетонды плита. Көп қабатты үйлерді қаңқалы етіп салған дұрыс болады.

Тұрғын үйлер, әрине, тек темірбетон құрылымдарынан жасалған құрастырмалы болып қана келмейді. Сонымен қатар кірпішті үйлер де кқптеп салынуда, алайда мұнда да құрастырмалы құрылымдар салу қажеттігі туындайды – маңдайша арқалығы, аражабындар, баспалдақ алаңдары, лифт шахталары, санитарлы-техникалық кабиналардың көлемдік блоктары, желдеткіш блоктары мен шахталары, темірбетонды карниздар мен балкондар, құрастырмалы бөлгіш қабырғалар, т.с.с.

Еліміздің кейбір территориялы аймақтарында, әсіресе орманды аудандарда ең жиі қолданылатын құрылыс материалы ағаш болып қала береді. Бірақ мұнда дәстүрлі ағаштан жасалған конструкциялармен (қабырғалар – бөрене немесе қырлы кеспелек ағаштар, аражабындар – вянды арқалықтар бойынша ағаштылар) қатар индустриалды конструкциялар – қаңқалы-қалқанды үйлер жиі қлданылады, және оларға сәйкесті олардың индустриалды құрастыру тәсілдері алынады – үлкейтілген дайын элементтердің монтажы

Ғимарат ұқсас конструктивті сұлбалары және ұқсас құрылыс материалдарының жиыны социалды-тұрмыстық және мәдениетті тағайындалған ғимараттар құрылысында кеңінен қолданылады.

Өндірістік құрылыста материалдар мен конструкциялардың қатынасы кішкене өзгерек. Қазіргі заманғы өндірістік құрылыста ұстап тұрушы және қоршау конструкцияларында ағаш (ауыл-шаруышылық құрылысынан басқа, соның өзінде кішкене мөлшерде ғана) мүмлдем қолданылмайды. Көбіне кірпіш қолданысының көлемі аз, әсіресе негізгі өндірістік цехтар конструкцияларында. Алайда, басқа жағынан, өндірістік ғимараттар құрылысы кезінде металл конструкцияларының қолдану көлемі көп, әсіресе көпаралықты ғимараттардың жабындарында немесе аражабындарында, ал қазіргі кезде негізгі материал – бұл құрастырмалы темірбетон. Көптеген экономисттердің есептеуі бойынша, бұл экономикалық жағынан тиімді емес.

Көпқабатты өндірістік ғимараттардың негізгі конструктивті сұлбасы болып қаңқалы азаматтық ғимараттарға ұқсас конструкциялар жиыны бар қаңқа болып есептеледі. Бірқабатты өндірістік ғимараттар унификацияланған қаңқалар енгізінде салынады. Мұндай қаңқалардың негізгі элементтері – бағаналар, кранасты арқалықтар егер цех көпірлі крандармен жабдықталса), итарқаасты және итарқалы конструкциялар, жабын тақталары, өзін-өзі ұстаушы немес ілмелі қабырға панельдері, горизонтальды және вертикальды байланыстар.

Монтаж кезінде барлық құрастырмалы конструкциялар көтерілуі, орын ауыстыруы, ұсталуы керек. Бұл үшін олар жүккөтеруші механизмнің орынауыстырушы бөлігіне түйінделуі қажет. Сондықтан құрылыс конструкциялардың көбіне жалпы сапа тиісті – көтеру кезінде бұйымды ұстау үшін арнайы орнының болуы. Бұйымдардың көптеген түрлерінде мұндай жерлерде монтажды ілмектер орналасқан.Бірақ ілмектердің болуы әр уақытта ыңғайлы емес және жіберілмейді. Мысалы, бағаналар, аражабындар. Бұл кезде оларды не жасырып (арнайы ойықтарда орналастырып), не ойыстармен, штырьлармен ауыстыруға, не фрикционды немесе вакуумды ұстауыштарды қолдануға болады.

Ағаш панельдерінің немесе металлдан жасалған конструкциялардың асу сұрақтары жеңіл шешіледі. Осы және басқа да арнайы монтажды ілмектерді әдетте жасамайды. Бұл конструкцияларды жай ғана универсалды немесе жеңілдетілген асулар көмегімен байлап қояды. Асуды монтаждау процессі кезінде конструкцияның зақымдалуына немесе бұзылуына алып келу қаупін тудыратын элементтерінің керілуін болмайтын түйіндерінде орналастырылады.

Құрастырылатын конструкциялардың жапсар конструциялары.

Бөлек элементтерден ғимарат конструкцияларын құрастыру кезінде олардың байланысқан жерлерінде жапсар пайда болады.Бір жапсарлар бөлшектер байланысуының беріктігін, басқалары – герметикалығын қамтамасыз етеді.

Унификацияланған қаңқалы жүйелерде қолданылатын, беріктігін қамтамасыз ететін жапсарлардың конструкциялары әртүрләләгәмен айрықшаланады. Орындалуы бойынша жапсарлардың келесі негізгі түрлерін ажыратуға болады:

1сурет. Ішкі қабырға панеліндегі монтажды ілмектер:

1 – жапсарды монолиттеу; 2 – монтажды ілмектер;

3 – аражабын панелі; 4 – қабырға панелі

* Болат салу бөлшектерінің немесе сөзара байланысатын элементтердің шеген шығындыларының дәнекерленуі;

* Басқа элементтің сәйкес ұясына бір элементтің фиксирлеуші штырьлерінің (шығындыларының) енуі;

* Стяжды болттарды орнату;

* Шегенді бетонда керу көмегімен жапсар аймағын сығу.

Қатты жапсарлардың барлық түрлері әдетте әрі қарай монолиттеумен орындалады. Соңғы кездері эпоксидті құрамдағы кілегейлі жапсарлар қолданыла бастады.

Беріктікті қамтамасыз ететін жапсарлар мысалдары (8.3 сурет):

* Іргетасымен бағана;

* Бағанасымен бағана (өсіру);

* Ригелімен бағана;

* Қабырға панельдерімен және өзара аражабын плиталары.

2 сурет. Монтажды механизмнің ұстау құрылғысына байланысу үшін жабын панельдерінде ойықтарды қолдану:

1 – панельдегі ойық, 2 – ұстау құрылғысы, 3 – аражабын панелі

Салу бөлшектерін дәнекерлеуден кейін коррозиядан қорғау үшін жапсардың барлық жерін бетондайды (кей жағдайларда іріпанельді үйсалуда монолитті жапсарды дәнекерлеусіз орындайды), май бояулармен сырлайды (ринельдер мен бағаналардың жапсарларын), цементті сумен жағуды (аражабын плиталарының және ригельдердің байланысы), арнайы казеинді-цементтә құраммен жабу (маңдайша арқалық блоктарының өзара баланысуы) немесе салу бөлшектерін метализациялауды (іріпанельді ғимараттардың жапсарлары) қолданады.

Байланысу бөлшектерінің герметикалылығын қамтамасыз ететін жапсарларды блоктарды және сыртқы қабырға панельдерін байланыстыру кезінде орналастырады (8.4 сурет). Іріпанельді қабырғаларда шектес блоктардың фигурды торецтармен пайда болған бөлігіндегі жапсарларды тегістеу кезінде жеңіл бетонмен жабады. Іріпанельді қабырғаларда шектес панельдердің торецтарымен пайда болған жабық фигуралы бөліктерді бірнеше материалдармен толтырады, бұл материалдардың әрқайсысы белгілі бір функцияны орындайды.

3 сурет. а, б, в, г. Бағана жапсары:

а – ригельмен, б – кранасты арқалықпен; в – стақантиптес іргетаспен,

г – бағанамен; 1, 6 – салу бөлшектері; 2 – байланыстыру бөлшегі; 3 – ригель;

4– бағана; 5 – серпімді төсеу; 7 – кранасты тақтай; 8 – болттар;

9 – іргетас; 10 – монолиттеу бетоны; 11 – ерітінді; 12 – байланыстыру бөлшегі

3 сурет д, е. жапсар:

д – арқалықпен бос арқалық аражабын плитасы, е – екіконсольді бағанамен ригель;

1 – монолиттеу бетоны; 2 – бос аражабын плитасы; 3 – шегенді бойлық стержень; 4 – арқалық; 5 – шегенді шығындылар; 6 – бойлық ойықтардағы стерженьдер; 7 – ригель; 8 – бағана

4 сурет. Іріпанельді ғимараттардағы вертикальді (а) және горизонтальді (б) жапсарлар:

1 –сыртқы қабырға панельдері, 2 – ішкі қабырға панельдері,

3 – аражабын панельдері , 4 – термосалым, 5 – мастика,

6 – буоқшаулау, 7 – серпімді салу, 8– бетон

Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезіндегі жұмыс кешені

Құрылыс конструкцияларының монтажы – бұл зауыттық өндірілген конструктивті түйіндерден және элементтерден ғимараттар мен имараттардың ағынды құрастыруының кешенді механизацияланған процессі. Ол дайындық негізгі жұмыстардан тұрады.

Дайындық жұмыстарына тасымалдау, қоймалық және ірілендіру құрастыру жатады.

Негізгі процесстер – бұл көтеруге дайындық және конструкцияны көтеру, выверка және уақытша бекіту, бөлшектерді өзара жобалық байланыстыру (дәнекерлеу немесе арқалықтау, жапсар мен тігістерді монлиттеу), жапсар мен конструкциялардың антикоррозиялық қорғауы.

 

 

Дәріс 9.

Тақырып: «Тас қалау технологиясы»

Сұрақтар

1.Тас қалаудың міндеті және түрлері

2. Тас қалаудың жіктестіру ережелері

3.Қалауға арналған құрал-жабдықтар жинағы

Тасты құрылымдарды табиғи және жасанды тастардан, оларды құрылыс ерітіндісіне нақты тәртіпті сақтай отырып төсеп, дайындайды. Табиғи тастар сынған, кесекті тас, жонылған кесек тас, тақтатас, әктастан алынған шақпақталған тас, пемза, туф, ракушка түрінде қолданылады. Жасандыларға – сазды кірпіш: (керамикалық): толықденелі, босденелі, кеуекті, кеуекті-босденелі, өндеулі; силикатты кірпіш; керамикалық блоктар, жеңілбетонды блоктар жатады.

Қандай болмасын дұрыс формалы тас алты жазықты болады, оның ішіндегі плашмя атты тасты қалау кезінде оны төсеніш деп, ұзын бүйірлі грандарын– қасықтар деп, ал қысқасын – қазықтар деп атайды.

Қалау ерітінділері бір-бірінен байланыстырғыштарды, толтырғыштарды қолдануына қарай, оның беріктілігіне қарай ерекшелінеді.

Байланыстырғыштарды қалауға қолдануына қарай ерітінділер жай (цементті немесе әкті), қиын (цементті-әкті, цементті-сазды), ал толтырғыштарға байланысты– жылы (жеңіл толтырғыштарда) немесе суық (ауыр толтырғыштарда) болып бөлінеді. Ерітіндінің беріктілігі бойынша мынадай маркаларға ажыратылады: 4, 10, 25, 50, 75, 100, 150 және 200.

Тасты қалау ерітінділері тек берікті ғана емес, сонымен қатар жеткілікті технологиялы болу керек, олар жұқа біркелкілі қабатты етіп қалауды қаматамсыз етуі тиіс. Ол үшін жеткілікті ыңғайлытөселімдлікті болу қажет, яғни ерітіндіге плстификаторларды қосу барысында оның сол қасиеті жоғарылайды. Пластификатор ретінде жіңішкедисперсті минералдық қоспалар (әк, саз, активті минералды қоспалар) немесе органикалық беттік-активті заттар, оның қатарында суперпластификаторлар да бар.

Пластификаторлардан басқа қалау ерітінділеріне басқа да қоспалар оның қасиетін модификациялау үшін қосылады. Мысалы, қатаю температурасын төмендету үшін арнайы аязғақарсы қоспалар қосылады, ал қатаюды жылдамдату үшін ерітіндіге қатаюды тездететін қоспалар қосылады.

Қалау ерітіндінің сапасының үлкен мәнділігі толтырғыштардың гранулометриялық құрамымен байланысты. Құм түйірінің ірілігі 5 мм артық болмау тиіс.

Тасты құрылымдарды салуда сонымен бірге болатты шеген мен аражабындарды бекіту детальдары қолданылады.

Қалау ерітіндісінің тағайындалуы: тастарды біріктіру, күштерді бөлу, қалаудың тығыздығын қамтамасыз ету.

Тас қалауының элементтері

Тасты қалау қатар арқылы орындалады. Ұзын жақты қабырғаның тас қалауында қасықты қатар , ал қысқа қалауда– қазықты қатар пайда болады. Барлық сыртқы екі жақты қалау қатарлары верста деп аталады. Версталар, олар сыртқы қатарлы болса сыртқы, ал егер қалау қатары ғимараттың ішінде болса, ішкі деп бөлінеді. Версталар сәйкесінше қасықты және қазықты болады. Версталар арасында орналасқан ішкі қалау қатарларын толтырылған қатар немесе жай ғана толтыру деп атайды.

Қалаудағы бөлек тастар арасындағы саңылауларда тігіс пайда болады. Олар қалауда орналасуына байланысты көлденең және тік болып бөлінеді. Тігістер бөлек кірпіштер арасында ерітіндімен толтырылуы керек. Тігіс ерітінді қалыңдығы – 10 мм.

Егер тігістегі ерітінді беттік бетіне 10-15 мм жетпей қалса, онда қалауды “бостігісті ” деп атайды. Оны қабырғаны сылап қалауда қолданады.

Сур. 1. Кірпішті қалаудың элементтері:

а –кірпіш; б – қалау; тігістерді өндеу; в – бостігісті ; г – қиғандағы; д – сыртқа дөңесті; е – ойысты; ж – бұрышпен; з, – үшбұрышты

Тігістегі ерітінді қабырғаның беттік бетіне жететін болса, онда қалауды қималы деп атайды. Мұндай тігістер арнайы құралдармен бөлінеді. Мұндай қалау “тігу асты” деп аталады.

Тасты қалауды қиюдың тәртібі

Тас қалауды өндіру кезінде тастардың орналасу тәртібіне аса мән беріледі, яғни сол арқылы имараттың беріктілігі мен тұрақтылығы байланысты. Тастар мен ерітінділер құймалы массив түрінде жұмыс істеу қажет, оған түскен күштерге кедергілік көрсете білу керек.

Тастардың орналасу тәртібін қалаудың қиылуы деп атайды. Қалауды қию тәртібі құймалы қалау мен имараттың күшті қабылдау қабілеттілігін қамтамасыз ету қажет.

Қиюдың негізгі үш тәртібі бар.

Бірінші тәртіпте қалаудағы түсіруші күшке тас қатарларын бір–біріне параллельді және перпендикулярлы етіп орналастыру керек. Тас төсеніштері төмендегіжатқан қатарға бар жазықтығы бойынша тірелінуі қажет. Қатарлар арасындағы көлденең тігіс толықтай ерітіндімен толтырылуы керек, себебі бөлек нүктелерден болатын қысым концентрациясынан аулақ болу үшін.

Қалаудағы жазық қатарларына бұрыштан күш берілгенде қозғалыстағы күштің болуы жоғарылайды да оның қирауын тудырады.

Егер қозғалыстағы күштің бағыты N (сур. 2) жазық төсенішке перпендикулярлы a бұрышын тудырса, онда қалыпты күшті құрайтынан басқа қалауды қысқанда N1 = N сosa, тасты көлденең бағытқа қозғалтуға ұмтылушы күштерде болады N2 = N sina. Жоғарғы тастың қозғалуын болдырмас үшін қозғалтушы күш N2 үйкеліс күшінен төмен болуы қажет P = fN Cosa, (мұндағы f – үйкеліс коэффициенті). Бұл N sina £ fN cosa білдіреді. Онда, теңдіктің екі жағында N cosa бөлеміз, бұдан tga = f. Сондықтан f = tgj, мұндағы j - үйкеліс бұрышы, tga = tgj және сәйкесінше a = j. Кірпіштің үйкеліс бұрышы ерітінді бойынша 30-35 град тең. Қажетті беріктілік қоры (тәртіп бойынша 2 тең), үйкеліс бұрыштың жартысынан бұрышы 15-17 град көп болмау қажет.

Сур. 2. Тасты қалауына иілу күштің әсер етуі

Екінші тәртіпте келесідей көрсетілгендерді болжайды: тастардың қалауда орналасуы олардың қалауға түсетін күшінің әсерінен қозғалмауын қарастырады. Ол үшін тастың бүйір қабырғалары келесі жалғасылған тастың бүйір қабырғаларымен перпендикулярлы төселімді болуы қажет. Сонымен бірге тігіс ені қалаудың сыртқы бетіне перпендикулярлы, ал бойлық тігісі – оған параллель болуы керек. Егер де олар дұрыс орналаспаса, онда тасқа түсетін күштердің әсерінен көршілес қаланған тас жылжып кетуі мүмкін.

Үшінші тәртіпте көршілес қалау қатарларының көлденең және тік бойлық тігістерінің өзара орналасуын анықтайды. Монолитті тас қалауды құру үшін жоғарыда орналасқан қатардағы тастарды төменгі қатарға тасаралық бойлық және ендік тігістерін тік бағытта жауып тұратындай орналастыру қажет. Мұндай тігістердің байланысы бөлек орналасқан бағаналардың болмауын қарастырады (сур. 3). Мұндай қалау жүйесінде әсер етілетін күштер N барлық қалауға түсіріледі де оның қабаттанып бөліну қауіптілігін жояды.

Бөлудің барлық тәртіптерін орындап жасалынған қалау беріктілігі тас пен ерітіндінің беріктілігіне, байланысу жүйесіне, сонымен бірге тігістің қалыңдығы мен тығыздығына да байланысты.

 

 

Сур. 3. Бөлек тас қалауына түсірілген күшті анықтау:

а – тігістерді байланыстыру барысында, б – оның жоқ кезінде

Тігістерді байлау

Үшінші тәртіпті орындау үшін, яғни тас қалауды бөлу үшін тігістерді байлау қолданылады. Қалау барысында тік байланысқан тігістерді көлденең және бойлық деп ажыратады. Тігістің бойлық байланысын : қалау қабырғаны бойлай қатпарланып кетпеуін және жүктен түсетін қалаудағы қысым қабырға енімен бірдей болуын қамтамасыз етеді. Көлденең тігістердің байланысы бөлек кірпіштер арасындағы бойлық байланысы үшін қажет. Бұл байланыс қабырғаның бірдей емес отыруларындағы, температуралық деформацияларда және т.б. монолиттігін қамтамасыз етеді. Көлденең тігіс байланысын қасықты және қазықты қатарлар арқылы орындайды, ал бойлықтыны – тек қазықтымен.

Біздің елімізде кеңінен қолданылатын қабырғаны қалаудың кірпішті байланыс жүйесінің негізі бірқатарлы және көпқатарлы түрлері. Кірпіштен бағананы қалауда байланыстың үшқатарлы жүйесі қолданылады. Шынжырлы қалауда қазықты және қасықты қатарлар бірінен соң бірі орындалады. Шынжырлы қалауда шой таспен толтыруда қазықтар қолданылады, сыртқы верстаның бірінші қатары – әрқашанда қабырға қалыңдығына байланысты емес қазықтар.

Бірқатарлы қалау басқаларға қарағанда мықтырырақ, ол әр қатардағы тігісті жабу есебінен болады, бірақ үлкен көлемде толықөлшемді емес кірпіштерді қолдануды қажет етеді, бұл оның кемшілігі болып табылады.

Көпқатарлы қалау (алтықатарлы) тік бойлық тігістердің бес байланысқан қасықты қатарға алты қазықты қатармен жабылғанымен сипатталады. Сонымен бірге қасықта қатардағы көлденең тік тігістер шынжырлы байланыс жүйесіндегідей кірпіштің 1/4 жабылмайды, яғни оның 1/2.

Көпқатарлы байланыс жүйесінде весталы қатарларға орналасатын кірпіштер саны азаяды да, шой таспен толтыру көлемі өседі, сәйкесінше ол тас қалаушылардың еңбек өнімділігін жоғарлатады.

Үшқатарлы байланыс Л. И. Онищиканың жүйесі бойынша былай қорытындылады, онда қазықты қатарды бес реттен кейін емес, ал әрбір үш қасықты қатардан соң қалайды. Мұндай жүйені ені 1 м аспайтын бағана қатарларын қалауда қолданылады.

Байланыс жүйесіне қарамастан құрылымға қаланатын жоғарғы және төменгі қатарларға толық кірпіштен болатын қазықты қатарларды қолданады. Сонымен қатар, толық қазықты кірпіштерді арқалықтар астына, айлауға, мауэрлатқа және тақталарға орналастырылады.

Көлденең және тік кірпіштік қабырғаны қалау тігістері түгелдей ерітіндімен толтырылады. Бағаналарда да барлық тігістер түгелдей ерітіндімен толтырылады.

Қалаудың арнайы түрлері

Қабырғаны кірпіштік өндеудікөбіне қалаумен бір уақытта орындалатын қаптамамен орындайды. Өндеулік материалдар ретінде беттік кірпіш (силикатты, кәдімгі сазды сапасын жоғарлату үшін немесе декоративті жабындықпен), беттік тастар (керамикалық немесе табиғи), бетондық немесе керамикалық тақталар қолданылады. Тастан болатын тақтаны қабырғадан қашықтығы 3-5 см болатын тотталмайтын материалдан анкер көмегімен орнатады. Бұл кеңістікті ерітіндімен толтырып тастайды немесе толтырылмаған күйінде қалдырып кетеді.

Аражабындарды кірпіштен,шлактыбетонды тастардан, гипстен және керамзиттібетонды тақталардан қалау. Гипсолитті тақтадан болатын аражабынды қалау ғимарат ішіндегі ауа ылғалдылығы қалыпты жағдайда ғана орындалады, ал кірпіштен және жеңілбетон тастарынан болатын қалауды қалыпты және ылғалдылығы жоғары болғанда да орындала береді. Аражабын элементтерін ерітіндіге тігіс байланысымен бірге орналастырады. Гипсолитті тақтадан болатын аражабынды қалауда ереже бойынша аражабынның екі жағынанда бетінің тегістігін қамтамасыз ету қиынға соғады, сондықтан тек бір жағын ғана тегістеуге ұмтылады. Қалған кедір-бұдырлары басқа жағында қалады, оларды тегістеу арқылы жояды. Үлкен өлшемді аражабынды қалауда өнеркәсіптік ғимараттарда аражабынға металлдық бағаналар орнатылады, олар аражабынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Барлық аражабын түрлері қабырға мен жабындықтарға бекітіледі. Қабырғаға ысқы мен шегелер көмегімен, ал гипсолитті тақтадан болатын аражабынға цинктелген металдық детальдарды орналастыру көмегімен істейді. Аражабын мен жабындықтарды бекітуге арналған деталдарды жұмыс сызбаларында беріледі.

Арқалықтар, аркалар, күмбездер, түтінді және вентиляциялы каналдар, карниздер және т.б. Қазіргі таңда арқалық ретінде көбіне құрастырмалы темірбетон арқалықшаларын 12-15 см тіреуішімен қолданады, бірақ қатарлы, аркалы және т.б. түрлі бөлек тастардан болатын арқалықтарды да қолдануға б

Доверь свою работу ✍️ кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.