Мои Конспекты
Главная | Обратная связь

...

Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Конструкцияларды тасымалдау





Помощь в ✍️ написании работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Құрылыс конструкциялары барлық белгілі көөлік түрлерімен тасымалдана алады, ауалықтарды қоса. Көліктің түрін таңдау көптеген жағдайларға байланысты: көліктік магистральдердің болуы, конструкцияны габариті мен өлшеміне, көліктің жүккөтеруіне, құрастырылатын аймақ пен өндіруші зауыттың өзара орналасуына. Екі немесе бірнеше көлік түрін таңдау кезінде, көбіне жеткізуге аз шығын кететін көлікті таңдайды. Ереже бойынша, конструкцияның 200-300 км дейінгі аралыққа жеткізу автокөлік көмегімен іске асырылады.Теміржол көлігі 1000-1500 км дейінгі арақашықтықта жеткізу кезінде қолданылады. Су көлігі арзан, тек табиғи су жолдары болған жағдайда. Ауа көлігі басқа тасымалдау мүмкіндігі болмаған жағдайда да қолданылады, оның қымбаттығына қарамастар (самолет, вертолет, дирижабль).

Кез-келген көлік түрінде құрылыс конструкцияларын тасымалдау, тасымалдаушы көлік құралына және тасымалданатын конструкцияларға түсірілетін күштерге байланысты. Сондықтан, жүктеу сұлбасы, конструкцияның көлік құралына бекітілуі – конструкцияның сақталуымен, көлік құралдарымен апаттық жағдайлардың алдын-алумен, сонымен қатар жарақаттану немесе тіпті адам өлімін болдырмауымен байланысты өте маңызды іс. Сондықтан да теміржол платыормасында құрылыс конструкцияларын жүктеу сұлбасы темір жол басқармасымен міндетті түрде келісіледі, габаритті емес жүктерді тасымалдау – жол жүру қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік инспекциямен келісіледі. Кез-келген жағдайда бұйымның дұрыс салыну жауапкершілігі, жүктеудің қауіпсіз тәсілдерін қамтамасыз ету, сапалы бұйымдарды жіберуін жүк жіберуші жүргізеді – өндіруші зауыт немесе кешендеу базалардың орталық қоймалары.

Тасымалдау кезінде конструкцияның бүтіндігін сақтау үшін оларды, жобалыққа жақын конструкция жұмысының шартын тудыратын қалыпта орналастыру мақсатталады. Мысалы, қабырға панельдерін, бөлу қабырғаларын және фермаларды вертикальды қалыпта, ал жабын және аражабын плиталарын – горизонталь қалыпта орналастырады. Мұндай салу көлік құралынан монтажды жүргізуге немесе бұйымдарды ырғап жылжыту бойынша қосымша операцияларсыз орындауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл әрдайым мүмкін емес (бағаналар, свайлар) және осы кезде қосымша іс-шаралар қажет – такелаж, көліктік жүктемелерге есептеуде шегенді күшейту, қажетті қаттылықты қамтамасыз ету үшін (болат конструкциялар) ұзын иілгіш элементтерді күшейту.

Тасымалдау кезінде сыртқы келбетін және өңдеулік жабындарын сақтау үшін арнайы кассеталарды, ернеулерді, астарларды және фиксаторларды қолданады. Аралық төсемдердің, астарлардың және ернеулердің орналасу орнын конструкция бөлшегімен, жұмыс мінезімен және көлік құралының спецификасымен сәйкес қатаң анықталады.

Құрам конструкцияларды темір жол бойымен жеткізу кезінде жүк көтеруі 50, 60 және 120 т платформалар, кей жағдайларда жартывагондарды, ауыр элементтер үшін – үлкенжүкті транспортерлерді қолданады. Конструкция платформасына астарлаға орналастырып және инвентарлы бекіткіштермен бекітеді (реквизит). Егер конструкция жүк аймағынан ұзын, ал массасы жүккөтергіштен аспаса, онда оны бір платформаға бір жаққа немесе екі жаққа еңкейтіп орналастырады. Еңкейгіштерді көршілес платформалар үстінен оларға тірелусіз орналастырылады. Платформалардың тістесулерінде конструкциялар шеткі платформаларда орналасқан турникеттерге (бұрылғыш тіреуіштерге) тіреледі.Турникеттердің бірі оның тістесу орын ауыстыруының сомалығынан, көлденең орын ауыстыру ұзындығынан көп болатын ұзындығын қамтамасыз ету керек. Көрінісі жай конструкциялар (арқалық, прогондар, байланыстар) платформаға араларына ағаш төсемелер салып бірнеше қатарға текшелеп жүктейді. Конструкцияның жылжынуын алдын-алу үшін платформалардың жақтарына стяжкалармен байланысатын тағандар орналастырылады. Платформаларда (автокөлікте) конструкция элементтерін көлденең оське симметриялы орналастырған жөн.

Қима осіне қатысты иілгіштігі әр-түрлі конструкцияларды, иілгіштігі төмен жазықтықты вертикаль болатындай етіп орналастырады. Жеңіл жұмсақ элементтерді пакеттермен немесе вонтейнерлерде жеткізеді.

Конструкцияны қоймалау

Құрама конструкциялардың қоймасы мекеме қабылдаған монтаж және жұмыс көлеміне байланысты орталықтанған және аймақтанған бола алады. Орталық қоймаларды жеткізушілердің айтарлықтай алшақтығы және үлкен көлемді аймақтарды салу шарттарында белгілі-бір қорларды щығару мақсатында, сонымен қатар көлік құралымен тасымлдана алатын габаритті конструкцияларды үлкейту кезінде орналастырылады.

Бұл қоймалар әдетте конструкцияларды темір жол немесе су көлігімен жеткізу кезінде ұйымдастырады. Орталық қоймаларда конструкцияларды түсіреді, аймақ және маркасы бойынша сараптайды, ал кей кезде монтажға даярлайды. Орталық қойма әрдайым есеп жүргізеді және жеткізушілермен байланыста болады, жеткіздің уақыттылығын және топтылығын тексереді.Жұмыстарды механизациялау үшін орталық қоймаларда козелды, өздігінен жүретін жебелі және мұнаралы крандарды қолданады.

Қойма алаңдарында жеткілікті жолдар, жүктеу алаңдары, салу және жеткізілген элементтерді сақтау үшін инвентарьлар (кассеталар, ернеулер, аралық төсемдер, астарлар) және сәйкесті жарықтандыру болу керек. Текшелер арасынан ені 1 м кем емес өтетін жол және ені көлік габариттеріне және жүктеу құралдарына байланысты жолдар қалдырылады.

Аймақтық қоймалар монтажды крандар аймағында орналастырылады. Қоймаларда элементтерді тек алдын-ала қарастырылған аймақтарда немесе жұмыс өндірісі жобасымен қарастырылған қоймалау аймағында түсіріледі. Қоймалау орнын таңдаған кезде конструкцияның монтаждау реттіліген ескеру қажет. Құрама конструкцияла элементтрді сақтауға арналған алаңдар жолдардан еңістікпен жобалануы қажет. Конструкцияларды орналастыруда қоймадағы қызмет ететін кран жолдарына жақын етіп ауыр кронструкцияларды орналастырады, бұл кедергісіз ұстауды, страповканы және әр элементті көтеруге мүмкіндік береді.

Құрылыс конструкциялары қоймаларына қажетті алаң:

мұндағы mi – қоймада сақталатын конструкция массасы (немес көлемі);

qi – жүкті қойма алаңдарының меншікті жүктелуі, т/кв. м (немесе куб. м/кв. м);

K0 = 1,75-2,0 – өтетін жолдарды ескеретін коэффициент.

 

Аймақтық қоймалардың алаңын анықтау кезінде монтаж жұмыстарының үздіксіз орындалуын қамтамасыз етуіне қажетті алаңда минималды мүмкін болатын конструкция қорын ескереді.

Қажетті конструкция қоры:

mi = mc t, (8.2)

мұндағы mc – конструкцияның тәулітік қоры;

t – қор есептелген уақыт, (тәулік).

 

Қор уақыты конструкция жеткізілу интервалынан, зауыттардан қойма алаңдарына жеткізу уақытынан, түсіру және бұйымдарды қабылдау, конструкцияны монтаждауға дайындау және мүмкін болатын ұйымдастырушылық ақаулар ликвидациясы интервалынан орындалады.

Кез-келген жағадайда конструкцияны қоймалау қауіпсіздік техникасы қамтамасыздандырылған, бөлек конструцияның немесе текшелердің тұрақтылығын, строповка ыңғайлығын қамтамасыз ету үшін өндіріледі.

Болат конструкцияларды биіктігі 1,5 м аспайтындай етіп текшелеп орналастырады. Ферма мен арқалықтарды арнайы тіреуіштерде жобалық қалыпта 0,6 м аспайтындай етіп орналастырады. Свальцтенген беттерді – зауыттық ормада немесе вертикальды қалыпта орналастырады. Барлық металл конструкцияларды астарларда және аралық төсемдерде орналастырады.

Темірбетон итарқалық және итарқаастылық фермаларды, арқалықтарды, абықща элементтерін вертикальды қалыпта астарлар үстінен жақтық тіреуіштер орналастырумен қоймалайды (8.5 сурет).

Аражабын плиталарын, баспалдақ марштарын, алаңдарды және жіберілетін немесе сақтауды қажет ететін басқа элементтерді биіктігі 2-2,5 м аспайтындй етіп текшелеп қоймалайды. Текшелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және конструкцияның бұзылуын алдын-алу үшінолардың арасындағы аралық төсемдерді бір вертикаль бойынша қатаң орналастырады.

Қабырға панельдерін – арнайы касетталарда вертикаль (8.6 сурет).

Кей жағдайларда бөлшектерді көлік құралында монтаждайды (дөңгелектерден). Дөңгелектерден монтаждау прогресситві тәсіл болып есептеледі, себебі бұл жағдайда қоймалық алаңда қажет болмайды және бөлшектерді көліктен монтаж орнына дейін тасымалдау бойынша шығындар азаяды. Мұндай монтаждау кезінде бұйымдарды жткізуші зауыттар, көлік және монтаждаушылар бір ортақ график бойынша жұмыс істеу керек. Графикте ауысым, рейс нөмірі, көлік нөмірі, бөлшек маркасын, бір рейсте жеткізілетін бөлшектер санын, бөлшек жеткізілетін мекен-жайын, атокөліктің зауытқа жететін уақытын, зауыттан шығу уақытын, құрылыс алаңына жету уақытын және оннан шығу уақытын белгілейді.

1 сурет. Итарқалық және итарқаастылық арқалықтарды

жақтық тіреуіштермен вертикаль қалыпта

 

 

2 сурет. Қабырға панельдерін вертикальды кассеталарда қоймалау:

1– таған; 2– арқалық; 3 – таяныш

Ірілендірген құрастыру

Көбіне металл конструкцияларды ірілеп құрастырады, себебі бұл процесс айтарлықтай жеңіл, ал мұндай конструкцияларды түрлі түрде, бөлек элементтер түрінде тасымалдау әлдеқайда үнемді. Тек кей жағдайда темірбетон конструкциясые ірілендірген құрастырады. Бұл конструкция габариттері көліктік габариттерге сыймаған кезде қолданылады.

Ірілендірген құрастыру стацинарлы алаңдарда (көбіне болат конструкцяларда) және монтаж зонасында мүмкін болады. Монтаждау зонасында ірілендіру нөлдік белгілеуде ары қарай жобалық қалыпта қарастырылған монтаждаумен орналастырылады, немесе уақытша таяныштарға және кондукторларға тірелуі бар жобалық белгілеулерде орындалады, мысалы қабықшаларды монтаждау кезінде алдын-ала керілген құрамалы аркаларды, ірі кранасты металл арқалықтарды, үштопсалы аркаларды және т.б.

Нөлдік белгіде ірілендірілген құрастыру жоғарыға жорғалау жұмыстарын алдынды, кейбір монтаждаудан кейінгі жұмыстарды ірілендірілген конструкцияның монтажына дейін орындауға мүмкіндік береді, алайда ауыр монтаж крандарының қолдануын талап етеді.

Жобалық белгіде конструкцияның ірілендірілген құрастыруы, керісінше, ауыр монтаж крандарын қолдануын талап етпейді, бірақ құрастырылатын кнструкциялар астына уақытша таяныштар құрылғыларына қосымша шығын және жоғарыға шығу жұмыстарын орындауға қосымша шығын талап етеді.

 

Дәріс 15.

Тақырып: «Жинақтау жұмыстары»

Сұрақтар

1.Металл конструкцияларын жинақтау

2. Металл конструкцияларын элементерінің жинақтық қосылыстарын жасау технологиясы

3. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері

Монтаждау әдістері – бұл ғимараттар мен имараттар құрылысы кезінде монтаж жұмыстарының технологиялық реттілігін анықтайтын және көлемді техника-экономикалық нәтижесіне жетуге бағытталған принципиалды шешімдер. Конструкцияның ғимаратта немесе имаратта орналасу ретіне байланысты монтаждаудың келесі әдістерін ажыратады: бөлек, кешенді және аралас. Монтаж әдісіғ имараттың конструкциясы мен конфигурациясына, технологиялық құрылғыны монтаждауға тапсыру немесе құрастырылып жатқан ғимараттың бөлек бөліктерін өңдеуге қажеттілігіне, ғимараттың монтаждалған бөлігінің немесе бөлек элементтерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуіне, конструкция мен жабдықтарды жеткізу кезегіне, құрылыстың орындалу уақытына және т.б. байланысты анықталады.

 

Бөлек монтаждау (дифференцталған) әдісі конструкцияның бір түрінің әр кранның тұруымен сипатталады.

 

1 сурет. Конструкцияны монтаждау әдістері:

а – бөлек; б – кешенді; в – аралас

 

Монтаждау кезінде кранның әр бөлігінің орналасуы қатаң белгіленген. Объект элементтерін құрастыратын орнын тұрақ деп атайды. Тұрақ орнын анықтау және кранның тұрақтан тұраққа қысқа жолмен жүру реттілігін әрбір жағдайда объектінің түрлі конфигурациясы және конструкциясын графикалық немесе есептеп анықталады. Монтаж нұсқасын таңдауда кранның объектіні толық қамту кезінде минималды тұрақ санын анықтау тапсырмасы шешіледі.

Монтаждау кезінде конструкцияларды ағынмен құрастырғанда жақсы нәтижеге жетуге болады: мысалы, ғимараттың барлық құрамалы іргетастарын бағана астына орналастыру; кейін барлық бағаналарды монтаждау және т.б. Осы кезде әр ағын краны ғимаратты периметрі бойынша айналып шығады. Монтаж ағындары мен бағыттары берілген объект үшін ұстау немесе аралық бойынша жұмыс өндірісі жобасымен анықталады. Монтаждың бұл әдісінде конструкцияның выверкасы жеңілдетіледі, еңбек шығындары азаяды, монтаж кранының максималды жүккөтеруі қолданылады, бірақ объектті толық немесе бөлек бөліктерін монтаждан кейінгі жұмыстарын тапсыру уақыты үлкейеді.

Кешенді әдіс кезінде кран ғимаратты периметрі бойынша бір айналады, әр тұрақпен объектінің тұрақты торларының барлық элементтерін құрастырады. Бұл әдістің артықшылығына қанқа монтажының соңынан қабырға қоршауларын ілу жұмыстарын, шатыр орнату және технологиялық құрылғыларды монтаждау жұмыстарын орындауға мүмкіндігі жатады. Алайда, монтажды кранның жүк ктеруі әрдайым рационалды қолданылмайды, бұл массасы әртүрлі бөлшектерді бір монтажды тор шегінде құрастыру қажеттілігіне байланысты.

Бұл әдісті көп қабатты ғимараттарды құрастыру кезінде қолданылады, сонымен қатар ауыр типті бір қабатты өндірісітік ғимараттарды құрастыруда, мысалы, металлургиялық цехтарды.

Кешенді әдісті қолдану кейде конструкцияның бөлек түрлерін құрастыру арасында технологиялық үзілістерді қажет етумен шектеледі. Мысалы,бір қабатты өндірістік ғимаратты темірбетон қаңқамен құрастыру кезінде конструкцияының монтаждау ретіне бағаналар мен іргетастар арасындағы жапсарларды монолиттеу қажеттілігі әсер етеді.

Мұндай жағдайда әр тұрақта конструкцияның екі немесе бірнеше түрі құрастырылатын монтаждаудың аралас әдісі туындайды. Мысалы, бағаналар бөлек әдіспен құрастырылады, ал бағаналарға тірелетін конструкциялар – әр тұрақпен кешенді құрастырылады.

Құрастырылатын элементтердің ірілендіру дәрежесіне байланысты ғимараттар мен имараттарды монтаждаудың келесі әдістерін ажыратады.

Уақэлементті монтаж – конструкцияның бөлек элементтерін жобалық қалыпта құрастыру мен орнату. Бұл әдісті сатыларды, тастөсемдер орнату мен конструкцияны уақытша бекітуден алу бойынша қосымша жұмыстарының үлкен көлемі үшін нашар қолданылады.

Элементтеп монтаж – конструктивті элементтермен немесе бөлімдермен. Бұл әдіс өндірістік және азаматтық ғимараттарды темірбетон конструкцияларынан құрастыру кезінде жиі қолданылады.

Ірілендірген блоктармен құрастыруда бөлек конструкциялар жазық немесе кеңістік блоктарға ірілендіріледі. Ірілендіру процессінде жоғарыда орындауға қиын және ыңғайсыз жұмыстарды – антикоррозиялық қорғаныс, шатыр орнату, гидроизоляциялық және жылу қорғау жұмыстары, сырлау жұмыстарын ең алдымен орындайды.

Ірілендірілген блоктармен монтаждаудың түрлерінің біріне құрылыс-технологиялық блоктармен кешенді құрастыру жатады. Бұл жағдайда құрылыс конструкцияларына жобалық қалыпта эксплуатация процессінде оларда орналасуы қажет технологиялық құрылғылар және коммуникациялар қондырылады. Құрылыс-технологиялық блоктармен құрастыру машиналар мен механизмдерді толық және жоба бойынша қолдану арқасында, сонымен қатар көмекші жұмыстардың қысқаруы, мысалы, тфансформаторлы подстанцияларды құрастыру, су ысытқыштарды орнату, санитарлы-техникалық жұмыстардың қысқаруының арқасында объектінің ақысын және тапсыру уақытын азайтады.

Конструкияны монтаждау тәсілдері

Монтаждау тәсілдері әдістерге қарағанда бөлек конструкцияларды құрастырумен байланысқан технологиялық тапсырмаларды анықтайды.

Конструкцияны жобалық қалыпқа келтіру тәсілі бойынша еркін және еріксіз монтаж түрін ажыратады. Осы немесе басқа тәсілге қатыстығын, еркін әдісте конструкцияны немесе оның бөлшектерін құрастырушылар көмегімен өлшеу құрылғылары мен геодезиялық инструменттерді қолданумен конструкцияның дәл орналасуын қамтамасыз ететін тәсілдеріне байланысты анықталады. Бұл тәсіл уақыттың көп шығынын және қондырылған элементтердің выверкасына қол жұмыстарын талап етеді. Конструкияның еріксіз тәсілінде жобалық дәл қалыбы түрлі жолдармен қамтамасыз етіледі: конструкцияның арнайы жапсарларымен, арнайы оснасткамен немесе кездейсоқ орын ауыстыруларды толық оқшаулаумен инструментальды бақылаусыз арнайы мотажды механизмдермен.

Монтаждың еркін тәсілі конструкцияның кеңістікте еркін орын ауыстыруын ары қарай горизонтальды немесе вертикальды бағыттарда өсуін қарастырады.

Монтаждың еркін тәсілі әмбебап және ғимараттар мен имараттардың барлық түрлері үшін қолдануға болады. Мұнда жобалық қалыпта шектелге және тіркелген құрылғылармен элементтерде элементтің бағытталған қозғалысы, сонымен қатар элементтерді дәл орнатуға мүмкіндік беретін түрлі кондукторлармен және м анипуляторламен қарастырылады. Бұл жағдайда монтаждың шектелген-еркін тәсілі туралы айтылады.

Монтаджың еркін тәсілі кезінде жобалық қалыпқа жақын орын ауыстыратын және қоймаланатын конструкцияларды көтері аса қиыншылық тудырмайды. Егер вертикальды конструкциялар горизонталь, ал горизонталь-керісінше орын ауыстырса, онда арнайы қондырғыларды, немесе конструкцияны жобалық қалыпқа келтіру үшін арнайы тәсілдер қолданылады

 

2 сурет. Вертикальды (а) және горизонтальды (б) бағыттарда өсірумен монтаждау.

Шартты белгілер:

монтаж бағыты;

конструкцияның орын ауыстыру бағыты

 

 

Осылайша, ірі панельді үй салуда кассеталы өндірілген аражабын панельдерін жіберу үшін жылжытулар қолданылады.

Ұзын (биік) конструкциялар монтажы кезінде, мысалы, бірқабатты өндірістік ғимараттардың бағаналарын, сырғанау тәсілімен көтеруді қолданады, мұнда бағананы жоғары бөлігімен іргетасқа, ал төменгі бөлігін кран бағытымен орналастырады. Бағананы кран ілгегіне іледі, және ілгекті көтеру кезінде бағананың төменгі шеті іргетас бағытымен жер бойымен сырғанайды. Ілгекті қажетті биіктікке көтергеннен кейін бағананың төменгі бөлігін іргетастың стақанына орнатады.

Айналдыу тәсілімен көтеру кезінде бағананы төмен бөлігімен бағана стрповкасының нүктесі және орнату нүктесі монтаж кранының айналу жебесімен бір радиуста орналасатындай есеппен іргетасқа салынады. Монтаж кран жебесінің айналуы бағана стропокасының нүктесінен іргетасқа дейін бір уақытта ілгекті көтерумен жүргізіледі. Бұл кезде бағананың жоғарғы бөлігі бағана іргетас үстінде вертикаль орналасқаншаижоғар көтеріледі, кейін бағананың төменін іргетасэстақанына салынады.

3 сурет. Бағананы вертикаль қалыпқа көтеру сұлбасы:

а – айналдыру тәсілімен, б – сырғанау тәсілімен; 1 – монтажды кран; 2 – бағананың строповка нүктесі; 3 – бағана ; 4 – бағананы орнату нүктесі; 5 - іргетас

Монтаждаудың еріксіз тәсілі ішінде қозғалатын немесе қозғалмайтын шарнир айналасында айналдырумен монтажы, қозғаумен монтаждау, подрашиваниемен монтаждау аса белгілі.

Құрастырылатын конструкцияны вертикаль бойымен подрашиваниемен монтаждау ары қарай монтажды элементтерді конструкцияның алдын-ала құрастырылған төменгі жазықтықтарына жапсарлау арқылы іске асырылады. Подрашивание үшін түрлі домкраттар, сонымен қатар инвентарлы бағыттаушылар қолданылады немесе тіпті оларды да қолданбайды.

Подрашиваниені құрылып жатқан ғимараттың немесе имараттың ұстаушы элементтері болып табылатын конструкцияларын вертикаль бағыттаушылар бойымен тасымалдау кезінде де жүргізуге болады. Қабаттарды (аражабындарды) көтеру тәсілімен монтаждау тәжірибесі аса танымал. Ол келесіге негізделген: ең алдымен бағыттаушы бағаналар орнатылады, кейін жер деңгейінде монолитті темірбетоннан ғимараттың шатырын жинайды немесе орындайды, содан бағыттаушы бағаналар бойымен қажетті белгіге дейін домкрат көмегімен жоғарыға көтереді және солвжерде бекітеді.

Тәсілдің негізгі артықшылықтары:индустрия базасы нашар дамыған аудандарда үй құрылысын мұнаралы крандарсыз ұйымдастыруға болады; ғимаратты қысылған талаптарда құрылыс алаңдарында тұрғызуға болады; сейсмикалық зоналарда, алаңның қиын инженерлі-геологиялық талаптарда қолдануға болады.

Осылайша мұнаралы крандардың мұнараларының биіктігін ұзартуға болады.

Ысыру тәсілі бойынша монтаждау горизонталь бағыттаушылар бойымен конструкция блоктарының орнын ауыстыруын қарастырады. Ысыру үшін полипласттарды, шығырларжы және басқа да монтажды құрылғыларды қолданады. Бұл әдіспен монтаждаумысалы ретінде алдын-ала дайындалған іргетастар домналарына, жабын блоктарына, үйлерді ысыруға ысыруларды алуға болады. Бірақ бұл мысалдар уникалды. Әдеттегі, жиі қолданылатын монтаж тәсіліне көпірлердің аралық құрылысы мен жолқұбырларының олардың таяныштарына ысыру монтажыболып табылады.

Және, соңынан, вертикаль жазықтықта қозғалмайтын немесе қозғалатын шарнир айналасында конструкцияны айналдыру тәсілімен монтаж. Бұл әдісті ескерткіштердің, ЛЭП таяныштарының, технологиялық аппараттардың және биіктігі 100 м аспайтын және обособленно орналастырылатын басқа конструкцияның монтаждарында қолданылады.

 

4 сурет. Монтаждың еріксіз тәсілдері:

а – ЛЭП таянышының горизонталь шарнир айналасында бұрылу тәсілімен монтаждау; б –подращиваниемен монтаж; в – ысырумен монтаж. 1 –ЛЭП таянышы, 2 – шарнир, 3 – «құлаушы жебе», 4 – шығыр, 5 – тежегішті полиспаст; 6 – құрастырылып жатқан конструкция,

7 – катки, 8 – жүзгіш таяныш, 9 – стационарлы таяныштар

Монтажды бейімделулер және құрал-саймандар

Конструкцияны монтаждың тәсілі мен әдісіне қарамастан жобалық қалыпқа орнату процессі строповкадан, жобалық қалыпқа көтеруден, жобалық қалыпта уақытша бекітуден, расстроповкадан, жоалық жапсарды орындауда, жүк ілгегін бастапқы қалпына қайтарудан тұрады. Бұл қондырылып жатқан элементті жобалық қалыпқа орнату бойынша өзара байланысқан операциялар кешені монтажды цикл деп аталады. Осы әрбір операцияны орындау үшін бейімделулер құрал-саймандар бар. Ол кез-келген конструкцияда қолданылатын, түрлі әдістермен және тәсілдермен құрастырылатын универсалды құрал-саймандар және бейімделулер, сонымен сонымен қатар белгілі бір конструкцияларда қолданылатын арнайы тағайындалған құрал-саймандар мен бейімделулер болуы мүмкін.

Строповкалы бейімделулер – көтерілетін элементті монтажды ілгекке белгіленген қалыпта сенімді байланыстыруға арналған және технологиялық маневрде қарастырылған физикалық күштерді аса көп талап етпейтін такелажды жабдықтар элементтерінің аса жауапты элементтері. Строповкалы қондырғылардың иілгіш және қатты элементтерге ажыратады. Жеңілдетілген және универсалды стропалар жүктеу-жүк түсіру жұмыстары бөлімінде қарастырылды. Монтаж жұмыстары үшін тағы түрлі консрукциялы балансттаушы стропаларды қосу керек (8.12а сурет).

Қолданылатын элементтер горизонталь қысатын монтажды күштерді қабылдай алмаған жағдайда, конструкцияның ілу ұзындығын ұзарту арқасында стропа тарамдарының еңіс бұрыштарын кішірейту қажеттілігі туындауды. Монтаж краны ілгегінің көтеру биіктігінің шектелуінен бұл әрдайым мүмкін және ыңғайлы емес.Бұл жағдайларда арқалықты, торлы және кеңістікті траверстер қолданылады.

Иілгіш және қатты строповкалы бейімделулер стропа шеті құрастырылып жатқан бөлшекке немесе конструкцияға бекітуге көмектесетін ұстау құрылғыларымен жабдықталады. Әсіресе, бұйымға болат монтажды түйінмен бекітілетін түйінді ұстаулар кеңінен тараған. Оларға өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыптармен жабдықталған ілгектер мен карабиндер жатады.

 

5 сурет. Строповкалы бейімделулер:

а – тепе-теңдікті стропалар; траверстер б – арқалықты; в – торлы; г – әмбебп; 1 – арқалық, 2 – ферма, 3 – блок, 4 – стропалар

6 сурет. Ұстау құрылғылары: а – өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыппен жабдықталған ілгек;

б – сақтандырғыш құбырмен карабин. 1 – сақтандырғыш планка, 2 – сымды тұтқа, 3 –ілгек, 4 – петля монтируемой конструкции; 5 - карабин; 6 – предохранительная трубка; 7 – құрастырылатын конструкцияның түйіні

Түйінсіз ұстаулар конструкцияларға монтажды түйіндерсіз бекітіледі, бұл металлды көптеп үнемдеуге мүмкіндік береді. Түйінсіз ұстаулар таяныш бөлшектер көмегімен байланысатын таяныштыларға; элементті немесе конструкцияны үйкеліс күші арқылы ұстайтын фрикциондыларға; элементті немесе конструкцияны вакуумды камералар көмегімен ұстайтын вакуумдыларға ажыратады. Болат конструкцияларды монтаждау кезінде электромагнитті ұстауларды қолданады.

 

7 сурет. Түйінсіз ұстаулар:

а – консольді, б – клещті, в – фрикционды

Ұстау кезінде жергілікті немесе дистанционды расстроповка болуы мүмкін; соңғысы құрастырушыны өндірістік емес ауысулардан және расстоповка үшін көтерілуден босатады. Ұстаулар қолмен немесе механикалық жалғастырушымен жабдықтала алады.

Уақытша ұстау және бөлшектерді выверкасы үшін сыналарды, расчалкаларды, кондукторлар мен струпциналарды қолданады. Сыналар және расчалкалар көмегімен кішкентай бағаналарды (массасы 2т дейін және биіктігі 4 м дейін) құрастырады. Клиньяларды қатты ағаш жыныстарынан, бетоннан және болаттан өндіріледі. Оларды темірбетон конструкцияларының монтажынжа қолданылады. Металл конструкцияларының монтажын металл сынамалар көмегімен жүргізеді. Темірбетон конструкцияларында ағаш сыналарды қолдану жапсарларды жапқаннан кейін оларды қайтып шығаруда қиыншылық тудырады. Жапсарларда тек бетон немесе металл сыналарды қалдыруға болады, бірақ бұл тиімсіз. Мұндай жағдайдарда шығаруға жеңіл инвентарлы сыналы салымдарды қолданған жөн, оған қоса егер жапсарлар өлшемдері түрлі болса, бағаналар орнатуда қолдануға болады. Ені 400 мм дейінгі бағананың әр шегі бойынша бір салым орнатылады, бағана ені үлкен болған жағдайда – екі салым. Бетонның жапсарға 70% жобалық беріктігіне жеткен соң салымдарды алып тастайды. Сыналар орнына салымдарды қолдану кранның жұмыс уақытын шамамен 15% қысқатруға мүмкіндік береді.

Бағаналарды стақанға выверка мен уақытша бекіту үшін түрлі конструкциялы кондукторлар қолданылады. Бағаналарды іргетас стақанына және төмен жатқан бағанаға монтажы үшін кондукторлар бар. Жалғыз кондукторлар (8.15 сурет) бір уақытта бір бағананы монтаждауға, ал топық – бір уақытта бірнеше бағаналарды монтаждауға арналған. Кез-келген жағдайда кондуктор кондукторды іргетаста, төмен жатқан бағанға немесе аражабындарға бекітілетін қондырғылардан, құрастырылатын конструкцияның уақытша бекіту үшін қондырғысынан, бағаналарды ғимарат осі бойымен орын ауыстыруы үшін қондырғыларынан және егер кондукторлар көп қабатты болса қажет уақытта сатылармен байланысқан құрастырушыларды және дәнекерлеушілерді орналастыратын төсемдерден тұрады.

 

 

8 сурет. Бағаналарды уақытша бекіту үшін жалғыз (а) және топтық (б) кондукторлар:

1 – қоршаумен жұмыс алағы, 2 – құрастырылатын бағана,

3 – құрастырылатын бағананы уақытша бекітуге арналған қондырғы,

4 – алдын-ала құрастырылған бағанада кондукторды бекітуге арналған қондырғы,

5 – аражабын, 6 – рама, 7 – горизонталь оське қатысты бағананы тасымалдауға арналған қондырғы

Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондукторлар бағана консольдеріне болттармен бекітілген металл струбцина түрінде болады. Арқалықтарды немесе фермаларды консольдерге орналастырғаннан кейін қажет болғанда оны кондуктор болттарын айналдыру көмегімен ысыруға болады.

Ірі панельді ғимараттар қабырға панельдерінің монтажы үшін струбциналарды металл құбырларда оның бір немесе екі шетіне бекітеді. Егер струбцина штанганың бір шетіне бекітілсе, онда мұндай бейімделуді тіреуішпен струбцина деп атайды. Струбцинаны онатылған панельге бекітеді, ал тіреуіштің екінші шетін аражабынға бекітеді. Тіреуіш муфтамен жабдықталған, оны айналдыру арқылы штанга-ұстағыштың ұзындығын өзгертуге болады және осының арқасында панельдің жоғарғы бөлігін вертикаль етіп ысыруға болады. Екі шетінен струбциналары бар штанга-ұстағышпен бір-біріне параллель орналастырылатын қабырға және бөлмеаралық панельдерін бекітеді. Орналасудың вертикальдығын тіктеуіш-рейкамен тексереді.

 

 

9 сурет. Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондуктор:

1 – бағана, 2 – ферма, 3 – струбцина, 4 – құрастырылатын ферманың орнын ауыстыруға арналған болттар

10 сурет. Қабырға панельдерінің монтажы

 

Конструкцияны жобалық қалыпқа орнату процессінде қауіпсіз жұмыс жүргізуін қамтамасыз етуге және құрастырушыларды строповкалы ұстауларға жетуін және выверкалы қондырғыларды, сонымен қатар жапсарларды жеңілдетуге арналған түрлі бейімделулер қолданылады:

· Тас төсемдер – еденді және ілмелі.

· Монтажды үстелдер – сырғанайтын және ауыстырылып қойылатын.

· Баспалдақтар – жеңіл сатылар, қосымша және ілмелі.

· Бесіктер – ілмелі және құрылыс вышкаларында.

· Инвентарлы қоршаулар.

Монтажды циклдің келесі операциясы – жобалық жапсарды орнату және оның бөлшектерін коррозиядан қорғау. Бұл кезде түрлі бейімделулер қолданылады. Егер жапсарлар бетондалатын болса және бетон көлемі көп болса, бетон мен ерітіндіні беру үшін бетон жұмыстары технологиясынан белгілі ерітінді және бетон сорғыштарды, пневмоқысыммен айдағыштарды, аударушы бадьяларды, ерітінді қораптарын қолданады. Салу бөлшектерін және темірбетон конструкцияларының шегенді шығындыларын дәнекерлеуде дәнекерлеу тоқ күші 500-1000 а орын ауыстыратын дәнекерлеу трансформаторлармен. Диаметрі 20 мм асатын шегенді шығындыларды дәнекерлеуде флюс қабаты астында тұрақты тоқта жартылай автоматтық ванналы дәнекерлеуді қолданады.

 

11 сурет. Флюс қабаты астынан жартылай автоматикалық дәнекерлеу:

1 – дәнекерленетін стержень; 2 – флюс;

3 – струбцинамен графитті форма; 4 – сазды майлау

Жапсарлы байланыстардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін орайластық металл бөліктерін коррозиядан қорғау қажет. Бетон жапсарында жарықшақ болған кезде металл коррозиясы ашық ауаға қарағанда интенсивті жүреді. Одан басқа, металл коррозиясы өнімдері металлға қарағанда үлкен көлемді болады, бұл бетонды бұзатын қосымша кернеу тудырады. Жапсар металын коррозиядан негізінен оқшаулағыш жабынар жағумен қорғайды – сырлар, лактар, металлизация. Соңғы әдіс ең тиімді болып саналады. Металлдау үшін ең жақсы материал цинк. Құрылыс алаңы талаптарында цинктен жабынды жағу үшін газ баллонынан, компрессордан, цинкті ұнтағы және тозаңдатқыш горелкасы бар ыдыстан тұратын газжалынды қондырғыларды қолданады. Ұнтақ балқып және балқыған түрінде қорғаныс бетіне шашылады.

Іріпанельді ғимараттардың сыртқы панельдері арасындғы және өндірістік ғимараттардың ілмелі панелдері арасындағы жапсарларды жабу кезінде бөлмеге ауаның және ылғалдың түсуін болдырмайтын герметизацияны жүргізеді. Осылай температуралық әсерлер нәтижесінде жапсарлар белгіалмасулық деформацияларға кездеседі, герметизация серпімді эластикалық материалдардан орындалуы керек. Бұл мақсаттар үшін гидрооқшаулағыш пороизол, СМ вилатерм және түрлі мастиктерді: изол, полиизобутиленді УМ-40 и УМС -50, тиоколды У-30М қолданады.

Бұл операцияларды орындауға қажетті бейімделулер – жапсарға жетуді жеңілдететін алдында айтылған қондырғылар, пороизол және вилатерма бұрауларын жапсарға пресстеуге арналған арнайы ролик, жапсар саңылауларына пороизолды немесе кеңейтілген жапсардың сыртқы бетіне жабыстыру кезінде мастикті жағуға арналған компрессормен пневматикалық шприц, қысқы жағдайда мастикамен гизльзалардың жылытылуы мен жағымды температураны ұстауға арналған термостаттар.

 

 

 

Доверь свою работу ✍️ кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.