Мои Конспекты
Главная | Обратная связь

...

Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Полимер силикатты бетондар





Помощь в ✍️ написании работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

4.1. Жалпы түсінік

Сұйық шыны негізіндегі бетондар жеңіл (орташа тығыздығы 200кг/м3 дейін) және ауыр (орт.тығыздығы >2000 кг/м3) болуы мүмкін. Олар сұйықшынылы байланыстырғыш, минералды толтырғыш және әртүрлі толықтырғыштардан тұрады.

Сұйық шыны байланыстырғышы ретінде ерітілген шыны қолданылады, натрийлі ( Na2O∙nSiO2) немесе калийлі (К2О∙nSiO2) силикаттар, мұндағы n=2,5-4 – шыны модулі. Сұйытылған шынылы кварцты құмның содамен немесе натрий сульфатымен (Na24) қосылысынан алады – натрийлі сұйық шыны үшін, ал калийлі сұйық шыны үшін – поташтың (К2СО3) қосылысымен.

Шыны балқытатын пештерде ерітілген шынымассасын алады да, оны суыту үшін вагонеткаға жібереді. Сонда, шынылы бөлшектер түзіледі, оларды «силикат-кесек» деп атау қабылданған. Силикат-кесекті балқыту автоклавта 0,5-0,6 МПа қысым мен +1500С шамасындағы температурада жүргізеді.

Нарықтық сұйық шыны 50-70% дейін судан тұрады және тығыздығы 1300-1500 кг/м3.

Натрий және калий силикаттары сұйық шынының негізгі компоненттері болып табылады және олар суда гидролизге ұшырайды. Бұл кезде түзілген гель тәрізді кремний қышқылы Si(ОН)4 байланыстырғыш қасиетіне ие. Сұйық фазаның буланып, ұшуынан коллоидты кремнеземнің концентрациясы жоғарылап, ол коагуляцияланады және нығыздалады.

Сонымен қатар, сұйық шынының қатаюына ауаның көмірқышқылы да әсер етеді, сондықтан бұл минералды байланыстырғыш ауалық байланыстырғыш заттар қатарына жатады. Көмірқышқыл натрий және калий қышқылын бейтараптайды. Ол ерітіндіде гидролиз нәтижесінде түзіледі де, кремний қышқылының коагуляциялануына әсерін тигізеді, сонымен қатар сұйық шынының тез қатаюына да әсері бар. Және де аморфты кремнеземнің SіО2∙2Н2О немесе Si(ОН)4 бөлінуі және кебуі жүреді (баяу):

 

Na2SіО3 + СО2 + 2Н2О → Si(ОН)4 + Na23

Бірақ ауа көмірқышқылының өтуі терең емес, сондықтан оның оң әсері тек қана беткі қабатта жүреді.

Температураның жоғарлауына байланысты, сонымен қатар гидролизді тездететін заттарды қосқанда ерітілген шынының қатаюы тездетіледі.

Кремнийфторлы натрий суда келесі реакция бойынша гидролизденеді:

 

Na2SiF6 + 4H2O → Si(ОН)4 + 2NaF + 4HF

 

Cодан соң келесі реакция жүреді:

НF + NaОН → NaF + Н2О

 

Нәтижесінде түзілген фторлы натрий суда аз ериді, сондықтан сұйық шынылы силикаттардың жарылу процесі мен кремний қышқыл гелінің бөлінуі жылдам жүреді (желім тәріздес зат), ол жүйенің тез қатаюына әкеледі.

Натрийлі сұйық шыны қышқылға төзімді, ыстыққа төзімді және отқа төзімді бетондарда, оттан қорғаушы сылақтарда және жердің силикатизация процесінде қолданылады. Калийлі сұйық шыны силикатты сырларды, мастика және қышқылға төзімді ерітінділер мен бетондар дайындауда қолданылады.

 

4.2. Қышқылға төзімді цемент

Қышқылға төзімді цементті жұқа майдаланған қышқылға төзімді толтырғыштардың қосындысынан (кварц, кварцит, диабаз, андезит, базальт, шамот, керамзит және т.б.) және сұйық шынының қатаюын тездеткіш – кремнийфторлы натрийдан дайындалады. Тәжірибе негізінде көбінесе толтырғыш пен катализатордың майдаланған қосылысын пайдаланады. «Цемент» деген атауға ие бұл ұнтақтар шартты сипатқа сай, өйткені сумен қосылған кезде олар байланыстырғыш қасиетіне ие емес. Қышқылға төзімді цементте байланыстырғыш зат – сұйық шыны болып табылады.

Қышқылға төзімді цементтің басқа бейорганикалық байланыстырғыш заттардан айырмашылығы – оның әртүрлі минералды және органикалық қышқылдарға төзімділік қасиеті (фторлы сутектен, кремний фторлы сутектен және фосфордан басқа).

Қышқылға төзімді цемент суға тұрақты емес, оны суда және буда көп тұратын конструкцияларда қолдануға болмайды. Ол ащы тұздар мен төмен температурада (-200С төмен) тез бұзылады. Суға тұрақтылық қасиетін арттыру үшін оған 0,5% көлемінде зығыр майын немесе 2% гидрофобты қоспаларды қосады. Осының нәтижесінде түзілген гидрофобты цементі қышқылға төзімді суға тұрақты цемент деп атайды (ҚСЦ).

Қышқылға төзімді бетондардың қышқылға төзімділігін арттурц үшін оның бетін сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылымен, кальций хлоридінің ерітіндісі немесе хлорлы магниймен өңдеген жөн.

Отандық өнеркәсіптер қышқылға төзімді кварцты кремний фторлы цемент шығарады. Олар майдаланған таза кварцты құмның 15-30% және кремний фторлы натрийдің 4-6% қоспасынан тұрады, толтырғыш массасы бойынша.

Қышқылға төзімді цемент 0,3-8 сағат аралығында ұстасады. 28 тәуліктен кейін созуға беріктігі 2,0МПа төмен болмауы керек, ал қышқылға төзімділігі - 33% төмен емес. Сығу кезіндегі беріктік шегі стандарт бойынша нормаланбайды, бірақ сығуға беріктілігі 30-40 МПа-ға тең бетон алуға болады.

Қышқылға төзімді цементтер қышқылға төзімді ерітінді, бетон, сылақ және мастикалар алуға қолданылады. Бетоннан резервуарлар, мұнаралар жасайды. Қышқылға төзімді ерітінділер тақтайшалар (керамикалық, шыны, диабазды), химиялық өндірісте, темірбетон, бетон және кірпіш конструкцияларын футеровкалауда қолданылады.

 

Доверь свою работу ✍️ кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.