Мои Конспекты
Главная | Обратная связь

...

Автомобили
Астрономия
Биология
География
Дом и сад
Другие языки
Другое
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Металлургия
Механика
Образование
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Туризм
Физика
Философия
Финансы
Химия
Черчение
Экология
Экономика
Электроника

Талдау – функциясына сипаттама берініз





Помощь в ✍️ написании работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Талдау бухгалтерлік есеп беру мәліметтеріне негізделеді. Жоспарлы қызмет статистикалық есептерді; көрсеткіштердің нақты мәнін салыстыратын қорытындылар мен жоспарлы мәліметтер ұсынылады. Тексерушінің міндеті-талдау негізінде өндіріс пен өткізудің пайдалылығын (рентабельділігін) ұлғайту мен шығындарды қысқарту жөнінде басшыға ұсыныс жасау.

Күрделі өндірісте контроллинг технологиялық тізбек бойынша бөлінеді. Осылайша, еншілес кәсіпорындар барда оралымды басқарудың міндеті іс-қызметінің түпкілікті қаржылық қорытындылары үшін жауапкершілік еншілес кәсіпорындарға жіберілмеуі; ал пайда ішкі бөлімшелер (ішкі шаруашылық есеп) бойынша бөлінеді, Шығындар орталығының қарауында ақша түсімдері, инвестициялар және бөлімшелер өздерінің іс-әрекетімен бас кәсіпорыннын, стратегиялык міндеттерінен бөліктенетіндікен, кәсіпорынның стратегиялык мақсаттарын бакылау болады.

Контроллинг жауапкершілік орталықтары бөлімшелердің өндірістік өткізу шығындарын талдаудан басталады.

13. Бақылау – функциясына сипаттама берініз

Бақылау жоспарлау процесін аяқтап және жаңа жоспарлау шешімдеріне бастама болады. Тиімді бақылау басқарудың — жоспарлау, ұйымдастыру және мотивациялау сияқты функцияларымен үнемі байланысты болу керек. Бақылау функциясының нәтижесі жоспарды қайта құру, ұйымның басқару құрылымын жетілдіру, мадақтау жүйесін жақсарту т.б. түрінде болуы мүмкін.

Бақылауды ұйымдастыру қазіргі замандағы басқарудың күрделі мәселесі болып табылады, өйткені бақылау функциясы көбіне тікелей басшылардың мойнында бұрынғыша қалып отыр.

Бақылау функциясы — мезгіл-мезгіл басшыны күнделікті жұмыстардың жағдайын, яғни жоспарды орындау барысымен таныстыру болғандықтан, бақылау функциясы мен жоспарлау функциясы арасында тікелей байланыс бар екенін атап өту қажет. Бақылау стратегиялық шешімдерді қабылдау да, оперативті іс-қимылдарды атқаруда да қажет.

Бақылау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру жүйелерін ұйымдастырура негізделеді. Тиісті бухгалтерлік және қаржылық қызметтер орындары информацияны жинап өңдейді, бұл информация бұрынғы жетістіктерді сипаттайды, мақсаттарды белгілеуге қажет тенденцияларды айқындайды, жоспарларды және нормаларды, сонымен қатар нақты мәліметтерді жоспармен салыстыруға т.б. информацияларды жеткізеді.

14. Негізгі шығындар

Негізгі шығын - технологиялык процеспен тікелей байланыс­ты шығын.

Тек негізгі шығындар мен айнымалы шығындар ғана запастармен шығарылған өнім бағасына енгізілуі керек.

Негізгі шығын нормасы - ұзақуақты бойы өзгеріссіз қалатын тұрақты шығын.

15. Үстеме шығындар

Үстеме шығындар - өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар.

Үстеме шығындарға: машиналар мен механизмдерді пайдалану шығындары, негізгі құралдарды жөндеу шығындары, жылу, энергия, жарық, аренда, қызмет көрсетуші персонадардың еңбек ақылары және т.б шығындар жатады.

Үстеме шығындардың құрамына мыналар енеді:

- өндірістегі инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбекақылары және одан аударымдар, негізгі өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақылары және одан аударымдар;

- негізгі өндіріс құралдары мен уақытша құрылыс нысандарының ағымдағы және күрделі жөндеу шығындары;

- өндіріс жұмысшыларын санитарлық - тұрмыстық қамсыздандыру шығындары;

- еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздендіру шығындары;

- өндіріс орындарындағы жұмысты ұйымдастыруға байланысты шығындар;

- үстеме шығындар нормасында есепке алынбаған, бірақ үстеме шығындарға жататын шығыстар.

Жанама шығындар нақты объектісі белгісіз болған жағдайда үстеме шығындарына жатқызылады.

Үстеме шығындар екі топқа бөлінеді: жалпы өндірістік және жалпы шаруашылықтық.

Өндірістік үстеме шығындар – бұл өндірісті ұйымдастыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға байланысты шығындар. Олар өндірістік бөлімшелерде – учаскелерде, цехтарда, өндірістере, қайта бөлісуде пайда болады. Осы шығындардың мақсаты, сипаты мен атқарымдық ролі тікелей өндіріспен байланысты. Өндірістік үстеме шығындар құрамына енетіні-жабдықтарды күтіп ұстау, пайдалану шығындары, өндірістік мақсаттағы құрылысты, ғимараттарды басқару және күтіп ұстаудың цехтық шығындары т.б.

Өндірістік емес үстеме шығындар басқару функциясынан туындайды, оның өзі сипаты, қолданылуы және рөлі бойынша өндірістік функция мен өндірісті ұймдастыру функциясынан өзгешеленеді.

Кәсіпорынның басқа барлық шығындары секілді, үстеме шығындар басқару мақсатына байланысты басқару есебінде қарастырылады. Материалдық-өндірістік қорларды бағалау үшін ең алдымен өндірістік үстеме шығындарды бөлу тәртібі маңызды, яғни дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс арасын және өнім түрлерін бөлу.

Халықаралық басқару есебін ұйымдастыру тәжірибесінде өндірістік үстеме шығындарды бөлу бірнеше кезңде өтеді.

Бірінші – негізгі өндірістік және қызмет көрсететін бөлімшелер арасында үстеме шығындарды бөлу. Оның негізгі мақсаты - өзінік құнды қалыптастырудың себеп-салдарына тікелей байланысты әдісті таңдау.

Екінші кезеңде – қызмет үлесіне сәйкес өндірістегі қызмет көрсететін бөлімшелерге үстеме шығындарды қайта бөлеі, оларды жеткізуші бөлімшелерге қызмет көрсететін тұтынушы бөлімшелер алады.

Үшінші кезеңге бөлімше үшін әдісті таңдау әртібі және үстеме шығындарды бөлу ставкасын есептеу енгізіледі. Негізгі мақсаты-әртүрлі бөлімшелер өндіретін өнім тапсырыстары мен түрлері шығындарын бөлу.

Төртінші қорытынды кезеңде үстеме шығындарды тапсырысбойынша бөлу болып саналады. Әрбір тапсырыс, өнім түрлері бойынша, тапсырыс жөнінде жұмысты орындауға жұмсалатын әрбір бөлімшенің жұмыс уақыты анықталады.

16. Тікелей шығындар

Тікелей– өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы – автосервис бөлім­шесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қол­данылатын бояудың құны – тікелей бояу цехының шығындары).

17. Жанама шығындар

Жанама – өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар – субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады. Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбекақысы – кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін. Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада – барлық шығындар тікелей байланысты).

Жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құнына әртүрлі әдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффициенттер) жанама жолмен қосылады;

18. Кірістік шығындар

Кірістік шығындар — қолда бар және сатып алынған ресурстар, келешекте табыс әкелуі ықтимал;

19. Өткен шығындар. Өтіп кеткен (истекшие) шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі. Жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады. Мысалы, алып-сату үшін тауар өндірісіне жұмсалған шығындар, егер бұл тауарлар өткізілмесе және коймаларда сақталса, баланста кіретін (входящий) шығындар болып тіркеледі. Егер бұл тауарлар сатылса, онда бұл кіретін шығындар өткен шығындарға жатқызылуы тиіс, ол тауарларды өткізу нәтижесінде болған шығындар сметасында көрсетіледі. Өтіп кеткен және кіретін шығындар арасындағы айырма 6-суретте көрсетілген.

20. Инкременттік шығындар мен табыстар. Инкременттік шығындар мен табыстар - өнімнің партиясын қосымша дайындауда пайда болатын қосымша шығындар мен табыстар. Олар өнімнің қосымша партиясын жасаған жағдайда пайда болады. Егер шешім қабылдау нәтижесінде тұрақты шығындар өзгерсе, онда олардың ұлғаюын өсетін, басқаша айтсақ, инкре­ментті шығындар деп қарастырады. Егер өнімнің қосымша пар­тиясын шығару туралы шешім қабылау тұрақты шығындарды ұлғайтуға әкеліп соқтырса, инкременттік шығындар нөлге тең болады.

21. Маржиналдық шығындар мен кірістер. Маржиналдық табыс әдісі - өнімдерді өткізуден түскен түсім мен өзгермелі шығын шамасы арасындағы айырмашылыққа негізделген теңестіру әдісінің әр түрлілігі. "Директ-костинг" жүйесінде анықталады. Маржиналдық шығын мен табыс - өнім бірлігінің есебіндегі қосымша шығын мен табыс. Маржиналдық шығындар – өнімнің барлық шығарылуына емес, бірлігіне шаққандағы қосымша шығындар. Өндірістің маржиналдық шығындары – өнімнің тағы бір бірлігі жасалғанда шығатын қосымша шығындар. Бірлікке шаққандағы орташа шығындар – шыққан бірлік санына бөлінген өнімнің кез келген санын өндіру бойынша жалпы шығындар.

22.Есепке алынатын шығындар мен кірістер. Пайданы бағалағанда немесе өзіндік құнды қалыптастырғанда есепке алынатын және алынбайтын шығындарды ажыратады. Шаруашылық кызметі процесінде әрбір кәсіпорын кіріс түрінде түсетін қолма-қол ақша өсімін алу үшін өткізу көлемін ұлғайтуға тырысады. Болашақта ақшалай колда бар түсімнің ең көп шамасын қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорынның басқару құрамы кірістер мен шығыстардың белгілі бір тәртібін қолдануы тиіс. Қысқа мерзімді шешімдер үшін шамасы қабылданатын шешімге байланысты шығыстар мен кірістер туралы мәліметтер маңызды болады, сондықтан олар шамасы қаралатын, баламаға (альтернативаға) байланысты, колма-қол ақшаның өсу болашағы туралы анық-түсінік береді. Қолма-қол ақшаның өсу қозғалысын айқындайтын шығыстармен кірістер орынды (релевантты) (есепке алынатын) деп аталады. Бір баламаны екіншісінен айыратын шығындар көбіне басқару есебінде орынды (релевантты) деп аталады. Шамасы қабылданатын шешімдерден байланысты емес шығындар иррелевантты (орынсыз).

23. Өндіріс шығындары. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары. Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.

24. Реттелетін шығындар. Жауапкершілік орталықтары бойыншатіркелетін шығындар мен табыс жауапкершілік орталығының менеджерімен реттелетін және ретгелмейтіндер болып жіктеледі. Реттелетіндер - сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша барлык шығындар реттеледі, бірақ нақтылы атқарушы барлык шығындарға арер ете алмайды. Егер атқарушы шығын деңгейін реттей немесе елеулі әсер ете алса, онда бұл шығындар осы орындаушы реттей алатын болып белгіленеді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігі өндірістік қорлар алуды реттеуге, адамдарды жұмысқа жалдауға және т.б. құқығы бар, өндірістік бөлім басшысы мұндай шығындарға ықпал етпейді. Деңгейіне қызметкер елеулі ықпап ете алмайтын шығындар осы қызметкер реттейтіндер болып белгіленеді. Көптеген шығындар толықтай жеке атқарушының қарауында болмайды. Мәселе шығындарды кім бақылайтындығында емес, кім шығын деңгейіне әсер ете алатын жағдайда екендігінде. Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді).

25. ТИІМДИ ШЫГЫНДАР
Тиімділер - бұлар өнім өндіруге бағытталған шығындар, өткізу нәтижесінде табыс алынады. Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол жеткізілсе, ондай шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.

26. ТИІМСИЗ ШЫГЫНДАР
Тиімсіздер - өнім өндірілмейтін болғандықтан, нәтижесінде табыс алынбайтын щығындар. Бұлар - негізінде ақаудан, ірілістерден, материалдарды бүлдіруден және т.б. болған шығындар. Тиімсіз шығындар өнімсіз шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді.
Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады.
Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған
жоғалтуларды жатқызуға болады. Тиімсіз шығындарды бөліп көрсету жоспарлау мен мөлшерлеуде жоғалтуларды болдырмау үшін қажет болады.

27. БАСҚАРУДЫН ИШКИ ЖУЙЕСИНИН НЕГИЗГИ КЫЗМЕТТЕРИ
Басқару есебі қаржылық есепті кеңейтеді және ең алдымен кәсіпорынның ішкі операцияларында қолданылады. Оның мақсаты - басқару аппаратын, менеджерлерді, нақтылы шаруашылық мақсатына жетуге жауаптыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басшылық пайдалануы үшін дайындалатын бухгалтерлік ақпаратқа тікелей кәсіпорында жұмыс істемейтін сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда, басқадай талаптар қойылады. Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылады.
28.
Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
* қамтамасыз ету - дайындау;
* өндірістік;
* қаржылық-өткізушілік;
* ұйымдастырушылық.
29. Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
* шығын орталығы;
* кіріс орталығы;
* пайда орталығы;
* инвестиция орталығы.
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.
Кіріс орталығы - жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларынын іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті - жауапкершілік орталығының қызмет корытындылары шығаруда нәтижелерді кесімді белгілеу.
Пайда орталығы - бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың белгісі - алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің корытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция орталықтары – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттіктері бар инвестиция орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкімшілігі жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершілік көтереді.
30.Өндірістік ресурстар кәсіпорыннын шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:
* негізгі құралдар - еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар және т.б.), олардың жағдайы яғни пайдалану;
* материалдық емес ресурстар - мерзімнен бұрын қаржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патент материалдық ресурстар - еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде өндеуге арналған еңбек керек жарақтары;
* еңбек ресурстары – кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.

43. Басқару есебі мен қаржылық есебінің айырмащылығы неде

қаржылық есеп пен басқару есебі арасында негізгі айырмашылықтар бар. Олардың ең маңыздыларын қарастырайық.

1) Есептің мақсаты

Қаржылық есептің мақсаты - ақпаратты сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық есеп беруді жасау.

Басқару есебінің мақсаты - ағымдағы өндірістік-шаруашылық қызметті басқару мен бақылау, жоспарлауға арналған ақпаратты жинау және өңдеуді шұғыл қамтамасыз ету.

2) Ақпарат көздері

Қаржылық есеп үшін - ұйымның қаржылық ақпарат жинақтайтын есептік жүйесі, сонымен қатар салық салу жүйесінің элементтері.

Басқару есебі үшін - кәсіпорынның есеп жүйесінің мәліметтерінен басқалары, материалдық ресурстар шығындарының технологиялық қалдықтардың мөлшері (нормасы) жайлы мәліметтер, рыноктағы ахуал туралы зерттеулер, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептер, өндірістің бар жағдайларында олардың қорытындыларын қолдану мүмкіншіліктері, шаруашылық шарттарының тармақтарын тараптардың орындамауы кезінде айыптық санкция мөлшерлері және т.б.

3) Есеп қорытындыларын пайдаланушылар

Қаржылық есеп - ең бастысы, сыртқы пайдаланушылар.

4) Есеп жүргізу тәсілдері

Қаржылық есеп - шоттар мен екі жақты жазу, құжаттама мен түгендеу негізгі элементтер болып қызмет етеді. Басқару есебі бұл әдістерді қолданады, бірақ үнемі емес. Ақпарат жазу міндетті түрде қосарлы жүйе бойынша жүргізілмейді, яғни кез келген пайдалы жүйе қолданылады.

5) Есеп жүргізу тәсілдерін еркін таңдау

Қаржылық есеп қаржылық ақпараттың жазылуын, бағалауын және берілуін реттейтін бухгалтерлік есепті жүргізудің жалпыға бірдей принциптерімен есептелген, яғни ол белгілі бір дәрежеде орталықтандырылған. Көпшілікке арналған қаржылық есептілік міндетті аудиторлық тексеруге жатады.

Басқару есебі басқарушылардың мақсаттары мен міндеттеріне орай ұйымдастырылады мемлекет ешқандай реттемейді, ең тиімді басқару шешімдерін қабылдауға байланысты табыстармен салыстыруға болатын құннан басқа ешқандай шектер жоқ, кәсіпорын мүддесіне қызмет етеді, оның қаржылық есептен артықшылығы да осында. Басқару есебі көбіне қисынға (логикаға) және тәжірибеге немесе жалпы қолайлылығына негізделген. Бұл орайда басқару есебінің орталықтандырылмауы туралы да айтуға болады.

6) Есеп ақпаратын ұсыну түрлері

Қаржылық ақпарат ұйымдастыру - құқықтық түрлеріне қарамастан, барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай, ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік салық қызметі және басқа орталық ведомстволар бекіткен формалар бойынша салық инспекциясы органдарына ұсынылады.

Басқару есебінің қорытындылары еркін формада ұсынылады; міндетті формалар, бланктері жоқ. Оның үстіне, басқару есебін жүргізу немесе жүргізбеуді ұйымның өз басшысы шешеді.

7) Есеп ақпаратының өлшеуіштері

Шаруашылық процестерін жинақтап қорыту үшін қаржылық есепте ақшалай бірліктер қолданылады.

Басқару есебі жөніндегі мамандар жұмыстарында өлшеуіштердің барлық түрлерін: заттық, еңбек, ақшалай, яғни келгенін пайдаланады.

8) Ақпараттың ашық көрсетілу дәрежесі

Қаржылық есепте - коммерциялық құпия емес, сандық деп саналады, кейбір жағдайларда тәуелсіз аудиторлар растайды. Басқару есебінде - коммерциялық құпия болып табылады, жариялауға болмайды және құпия сипатта.

9) Шығындарды топтастыру

Қаржылық есепте шығындар өндіріске шығатын шығыстардың біртекті түрі деп түсінілетін экономикалық элементтері бойынша топтастырылады. Элементтер бойынша шығындарды, топтастыру мынадай сұраққа жауап береді: есептік кезеңде өндірісте не жұмсалады? Қаржылық есепті жүргізу мақсатымен экономикалық элементтердің мынадай тізбесі белгіленген:

• материалдық шығындар;

• еңбек өтеуге шыққан шығындар;

• әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;

• амортизация;

• басқадай шығындар.

Мұндай тіктеу қаржылық есептеуде іс-әрекеттің әдеттегі түрлері бойынша нәтижені (пайда немесе шеккен зиян) анықтауға мүмкіндік береді.

Басқару есебінде шығындар калькуляция баптары тұрғысынан шығысты көтеретіндер бойынша топтасады. Шығынды көтеруші ретінде сыртқы рынокта да, ұйым ішінде өткізуге арналған кәсіпорындардың өнім (жұмыс, көрсетілген кызмет) түрлері түсініледі. Калькуляция баптары бойынша шығындарды жіктеу мына сұраққа жауап береді: ресурстар неге жұмсалды және қайда?

Өнеркәсіп орындары үшін мынадай калькуляциялық баптар тән:

• шикізат пен материалдар;

• қайтарымды қалдықтар (шегеріледі);

• отын және технологиялық қажеттіліктерге энергия;

• сатып алынатын жартылай өнімдер, құрастырмалы бұйымдар, басқа жақтағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы жұмыстары мен көрсеткен кызметтері;

• өндірістік жүмысшылардың негізгі еңбекақысы;

• өндірістік жүмысшылардың қосымша еңбекақысы;

• әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;

• өндірісті дайындау мен игеруге шығындар;

• жабдықты ұстау мен пайдалану шығындары;

• ақау шығындары;

• цехтық шығындар;

• жалпы заводтық шығындар;

• өзге өндірістік шығындар;

• коммерциялық шығындар.

Алайда әрбір кәсіпорын қандай баптар бойынша шығындарды жіктейтіндігін өз бетінше шешеді.

10) Есептің негізгі объектісі

Қаржылық есепте кәсіпорынның шаруашылық қызметі біртұтас ретінде қабылданады.

Басқару есебінде негізгі назар жауапкершілік орталықтарына аударылады.

11) Есепті жасаудың мерзімділігі

Қаржылық есепте - заңнамалық нормативті актілермен белгіленеді. Кәсіпорын толық қаржылық есеп жыл қорытындысы бойынша, толық емес - тоқсан сайын жасалады.

Басқару есебінде есептер қажеттілігіне қарай: ай сайын, апта сайын, күн сайын, ал кейде - әр түрлі деңгейдегі басшылардың сұраулары бойынша шұғыл жасалады.

12) Ақпараттың сенімділік дәрежесі

Қаржылық есеп құжатпен расталған, бірақ бұған қарамастан, оның бағалары шүбәсіз дәл болмауы мүмкін.

Басқару есебінің ақпараты көбіне есептік сипатта болады және бухгалтерлік есеп шоттарындағы операциялармен байланысты емес. Нәтижесінде басқару есебінде жуық бағалаулар жие қолданылады.

13) Базистік құрылым

Қаржылық есеп негіз қалаушы баланс теңдеуіне құрылады:

Актив = Өзіндік капитал + Сыртқы міндеттемелер.

Басқару есебінің құрылымы осы ақпаратты пайдаланушылардың қорына байланысты.

14) Уақыт аспектісі

Қаржылық есепте - өткенге бағытталу. Басқару есебінде - болашақты бағдарлау.

15) Есептердің әдістемесі

Қаржылық есептердің материалдары бастапқы бухгалтерлік мәліметтерге көбірек сүйенеді.

Басқару есебінде есептесулер, ең алдымен, ұйым ішіндегі барлық бөлімшелерге шоғырланған, өткен кезең материалдарын талдау мен болашақты болжау бағаларының, бастапқы мәліметтердің үйлесіміне негізделеді.

16) Практикалық қызметте қолдану

Қаржылық есеп жасалуын растайтын құжаттар негізінде шаруашылық операцияларын тіркейді, яғни ұйымның шаруашылық өмірінде болған фактілермен жұмыс істейді.

Басқару есебі болған құбылыстарды талдау негізінде болашақ жайлы ұсыныстар жасайды. Басқару есебінен болашаққа арналған талдау деп атауы да сондықтан.

17)Басқа пәндермен байланыс

Қаржылық есеп - ең бастысы оз тәсіліне негізделген.

Басқару есебі - басқа пәндермен - микроэкономикамен, қаржымен, экономикалық талдаумен, математикалық статистикамен және т.б. тығыз байланысты.

44. Контроллинг дегеніміз нені білдіреді, оның түсінігі мен ролін келтірініз

Кәсіпорынның басқару жүйелерінің жетілдірілуіне байланысты арнайы әдебиетте және өмірде "контроллинг" (баскару дегенді білдіреді) ұғымы жиі-жиі кездесе бастады. Бұл басқарудың барлық саласы мен деңгейін қамтитын шаралар кешені арқылы көрсетілетін, ақпаратты өңдеу, талдау, шаруашылық жоспарлау және тиісті бақылау процестерін біріктіретін тәсілдердің бірі.

Кәсіпкердің, маманның, ақпаратты ішкі пайдалануышының қай-қайсысына қажетті ақпараттык база қалыптастыратып негізде шот жүргізу контроллингтің іргетасы болып қызмет етеді.

Контроллингті енгізерде шот қызметкерлерінң, басқару құрамының кәсіпкерлердің ділін ескеру керек. Кәсіпорында контроллинг бойынша жекелеген бөлімшенің бар екендігі қолайлы құрылым болып табылады.

Контроллингті бақылаумен және тексерумен тендестіруге болмайды.

Контроллинг жүйесінде есеп пен шығындарды, шаруашылық және қаржылық қызмет нәтижелерін жолдау мәселерімен айналысатын оралымды бақылау көзге айқын түседі.

Күрделі өндірісте контроллинг технологиялық тізбек бойынша бөлінеді. Осылайша, еншілес кәсіпорындар барда оралымды басқарудың міндеті іс-қызметінің түпкілікті қаржылық қорытындылары үшін жауапкершілік еншілес кәсіпорындарға жіберілмеуі; ал пайда ішкі бөлімшелер (ішкі шаруашылық есеп) бойынша бөлінеді, Шығындар орталығының қарауында ақша түсімдері, инвестициялар және бөлімшелер өздерінің іс-әрекетімен бас кәсіпорыннын, стратегиялык міндеттерінен бөліктенетіндікен, кәсіпорынның стратегиялык мақсаттарын бакылау болады.

Контроллинг жауапкершілік орталықтары бөлімшелердің өндірістік өткізу шығындарын талдаудан басталады.

45. Жабдықтау - дайындау қызметі нені білдіреді

Басқару есебін ұйымдастыруға деген мұндай көзқарас оның құрамдас бөлігі ретінде бөлінуіне жол береді:

жабдықтау-дайындау қызметі;

өндірістік кызмет;

қаржылық - өткізу қызметінің есебі;

ұйымдастыру іс-әрекетінің басқару есебі.

Басқару жүйесіндегі жабдықтау - дайындау іс-әрекеті басым орын алуы тиіс, өйткені ол-өндірісті алғашқы бөлу. Мүнда мынадай бағыттар көрініс табады; көтерме сауданы ұлғайту, жекелеген бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайту, сатып алу тәсілін таңдау (өзі өндіру немесе жабдықтаушыдан сатып алу), кәсіпорынның айналым құралдарына және жабдықтау - дайындау бөлімшелеріне күрделі қаржы инвестициялаудың тиімділігі.

Осы мақсатпен жұмыс түрлері мен қоймалар бойынша шығындар, материалдар бағасы, жартылай өнімдерді дайындаудың өзіндік құны, өндіріске берілген материалдық ресурстарды бағалау туралы ақпарат жиналады және жинақтап қорытылады. Процестер бойынша - алу, тиеу мен тасу, іріктеу мен сапалы бағалау, сақтау, жұмыс орындарын қамтамасыз ету мен олардын орындалуын бақылау шығындарының сметасын жасауға ерекше рөл белінеді.

Жабдықтау - дайындау қызметі туралы қорытынды жиынтық ақпарат жабдықтаудың ауыспалы көлемін есептеу үшін қолданылады.

46. Өндірістік кызметі нені білдіреді және оған сипаттамасын берініз

Басқару есебін ұйымдастыруға деген мұндай көзқарас оның құрамдас бөлігі ретінде бөлінуіне жол береді:

жабдықтау-дайындау қызметі;

өндірістік кызмет;

қаржылық - өткізу қызметінің есебі;

ұйымдастыру іс-әрекетінің басқару есе

Өндірістік қызметтің баскару есебі - басқару есебі жүйесінің орталық буыны. Мұнда мақсат міндетті іс бойынша жұмсалатын шығындары мен тәртіп туралы ақпарат топтастырылған. Өндірістік есепте материалдық, еңбек және қосымша шығындарды мөлшерлеуге, сондай-ақ нақты болған және нормативті шығындарды көрсету тәсілдерін мөлшерлеуге (нормалауға) елеулі рөл болінеді. Мұндайда өндірістік есеп шығындар мен калькуляциялауды есептеудің бірыңғай процесі ұйымдастырылады.

Әрбір кәсіпорын технология, текника, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, шығарылатын өнімнің күрделілігі мен номенклатура ерекшелктерін тиісті тәсілдерді қолдана отырып , өндіріс есебін ұйымдастыру үлгісін таңдай алады. Есептін бұл тарауында басқарудьщ әр түрлі мақсаттарына арналған өнімдердің өзіндік құны анықталады.

47. Қаржылық - өткізу қызметіне сипаттама берініз

Басқару есебін ұйымдастыруға деген мұндай көзқарас оның құрамдас бөлігі ретінде бөлінуіне жол береді:

жабдықтау-дайындау қызметі;

өндірістік кызмет;

қаржылық - өткізу қызметінің есебі;

ұйымдастыру іс-әрекетінің басқару есе

Қаржы - өткізушілік іс-әрекеттің есебі көмегімен өнімнің ассортименті, оның пайдалылығы, нарықтық тенденциялар жарнамаға, маркетингке, буып-түю, орауға, дайын өнім қоймасында сақтау мерзімі мен сапасы туралы ақпарат жиналады, өнделеді және қалыптасады. Бөлімдер мен қаржы-өткізу іс-әрекетінің сегменттері бойынша шығыстар сметасы жасалады және оларды орындау барысы бақыланады. Есептің бұл учаскесінде өндіріс үшін ең пайдалы өнім, тұтастай өндіріс көлеміне де, жеке өнімдерден де түсетін материалдық кіріс мөлшеріне әсер ететін факторлар анықталады.

Басшыларға қысқа мерзімде пайданы өте көп шамада көбейтуге мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау үшін ақпарат беріледі.

48. Смета (бюджет) нені білдіреді, оның сипаттамасын берініз

Уақыттың (жылдың) нақты кезеңіне арналып, тұтастай кәсіпорын үшін смета (бюджет) жасау техникалық-экономикалық жоспарлаудың маңызды бөлігі болып табылады. Сметаны жасаған кезде әкімшілік қоятын басты мақсат - құрылымдық бөлімшелердің жеке жоспарларын үйлестіру, келісімді қамтамасыз ету.

Дайын өнім немесе дайындаудың әр түрлі деңгейіндегі өнім (не болмаса көрсетілетін қызмет, жұмыс түрлерін атқару үшін осы кәсіпорын немесе құрылымдық бөлімше ұйымдастырылса) тұтастай кәсіпорын мен оның дербес құрылымдық белімшелерінің іс-әрекеті түпкілікті нәтиже болып табылуына байланысты, сметалардың мақұлдануы жоспарлау объектісі: өнім, сол өнімді өндіру бойынша шығындар, оның тиімділігі арқылы жүзеге асады.

Смета (бюджет) ендірісті, өткізуді, бөлу мен қаржыландыруды қамтиды. Сметаларда бүкіл кәсіпорынның және оның бөлімшердің өндіріске шығындарын, бөлімшенің, тұтастай кәсіпорынның іс-қызмет түрлерінен түсетін кірістер, пайда көрініс табады.

Бухгалтер-талдаушы смета жасағанда қысқа мерзімді жоспарларды жасағанда басты рөлдердің бірін атқарады және көрсеткіштерді болжау кезінде қажет болуы мүмкін мәліметтерді жете дайындауды үйлестіреді және олардың өзара ұштасуын қадағалайды. Сосын ол бұл жоспарларды барлық ұйымның жалпы қаржылық сметасына біріктіреді және жоғары басшылыкқа бекіту үшін ұсынады.

49. Мәлімет түрлері, оның басқарушылық және қаржылық есепте айырмашылығына сипаттама берініз

Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және мекеменің қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, ннвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.

Қаржылық есептің мәліметтері бойынша олар ұйымның қаржылық келешегі мен төлем қабілеттілігі туралы қорытынды жасайды, мысалы:

- инвесторлар өздерінің күрделі қаржы салымынан экономикалық қайтарымдылық пен тәуекелділікті бағалауы тиіс; банктерге несиеленген қаражат қайтадан өзіне оралатындығын, несиелер бойынша проценттер мерзімінде төленуі-төленбеуін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер керек;

- жабдықтаушылар және басқа кредиторлар оларға тиісті сома уақытында төлену төленбеуін білуі тиіс;

- сатып алушылар ұйым қызметі туралы, әсіресе егер олар ұзақ мерзімді негізде байланысты болса, ақпарат алуға мүдделі;

- жалдамалы жұмысшылар өзінің жұмыс берушісінің жағдайы тұрақтылығы мен пайдалылығы туралы, ұйымның оларға әлеуметтік игілік беруі, жұмысқа қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі жайлы мәліметтер алуы тиіс.

Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылады.

Басқару есебі әдетті бухгалетерлік есептен мәліметтері сыртқы пайдалаиушыларға (мемлекет, банк, іскер серіктерге) арналмағандығымен, ішкі «қолданыс» үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебінің мақсаты - басшының дұрыс шешім қабылдауына көмектесу.

Басқару есебінің ақпараты оперативті басқаруда бухгалтерлік мәліметтермен нығайтылады және кейде толықтырады. Өз кезегінде қаржылық есеп мәліметтері жанжақты қарастырылады; басқару есебінен түсетін ақпаратпен толықтырылады.

Сонымен, қаржылық есептің мәліметтері инвесторларға кәсіпорынның даму келешегін бағалауда жәрдемдеседі. Басқару есебінің мәліметтері баға белгілеу, шығындарды азайту және т.б. мәселелерді шешуге қолданылады.

50. Өндіріс шығындары экономикалық мазмұнына қарай қалай топтастырылады

Өзіндік құнға қосылу тәсілінен тәуелді шығындар тікелей және жанама шығындар деп бөлінеді.

Тікелей шығындар алғашқы құжаттардың негізінде белгілі өнім (қызмет, жұмыс) түріне жатқызуға болатын шығындар. Оларға материалдық шығындар, еңбек ақы және одан аударымдарға шығындар жатады. Барлық тікелей шығындар калькуляциялық шоттарда бейнеленеді.

Жанама шығындар бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты, өнімнің өзінідік құнына оларды тарату арқылы енгізілетін шығындар.

Құрамы бойынша өндіріс шығындары бір элементті және кешенді болып бөлінеді, яғни шығындарға енгізілетін элементтерден тәуелді болады.

Өндіріс процессіндегі экономикалық ролінен тәуелді шығындар негізгі және үстеме деп бөлінеді. Негізгі шығындар өнім жасаудың өндірістік процессіне тікелей кіретін шығындар.

Үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар.

Өндіріс көлеміне қатысты шығындар шартты-тұрақты және шартты- ауыспалы шығындардың мәні, олардың шамасы өндірілетін өнім көлеміне тікелей пропорционалды өзгеретіндігінде. Олар өнімнің бір бірлігіне нормаланады. Шартты тұрақты шығындар өнім өндірісі көлемінен тәуелсіз және ауыса қоймайды. Шамалары кәсіпорын бойынша шектеліп отырады. Ауыспалы және тұрақты шығындар шартты түрде алынады, өйткені олардың арасында шығындар мен өнім көлемінің қатаң есептігі жоқ.

Есептік кезендер немесе өзіндік құнға жатқызу уақытынан тәуелді өндірістік шығындар ағымдағы және бір мезгілдік қана болып бөлінеді. Өндіріс шығындарын ағымдағы және бір мезгілдік - деп қатаң бөліп қарау өнімнін өзіндік құнын ай сайын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.

Тиімділігінен тәуелді шығындар өнімді және өнімсіз деп бөлінеді. Өнімнін өзіндік құнының денгейіне өнімсіз шығындар көп әсер етеді.

Өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін шығындар шығын элементтеріне және шығындардың калькуляциялық статьяларына бөлінеді. Шығын элементтері - өндірісті ұйымдастыру мен технологиясына байланысты экономикалық біртекті шығындар. Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтау өндіріске қанша шығындалғанын көрсетеді.

51. «Бірінші түсім – бірінші жөнелтілім» әдісі

Бұл ФИФО әдісі.ФИФО әдісі бойынша өндіріске материалдар бірінші сатып алынғандардың құндарымен жіберіледі, яғни материалдарды қоймадан өндіріске нақты өзіндік құнымен жіберуді білдіреді.

Өндіріске материадық шығындарды шығару келесі тәсілдердің біреуін қолдану арқылы жүзеге асады.

Бірінші- өндіріске жіберілген материалдар алғашқы құжаттардың негізінде тікелей 8110 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотының кредитінен шығарылады. Есепті мерзімнің соңында пайдаланылмаған материалдық қорлардың қалдығы түгенделіп, осы қалдық сомасы өндіріске жіберілген материалдық шығындардың сомасын азайтады.

Екінші әдіс–орталық қоймадан жіберілген өндіріске жіберілген материалдық құндылықтар мастердің есебіне беріліп, содан кейін тек өндіріске нақты жұмсалған материалдар есептен шығарылады.

52. Матиериалдарды есептеу кезінде қандай әдістер пайдалынады

Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық құндылықтарды бағалаудың келесі әдістері ұсынылған: арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі.

Арнайы идентификациялау әдісі бірін бірі алмастыра алмайтын және арнайы жобалар мен тапсырмаларды орындауға арналған материалдарды

бағалау үшін қолданылады. Жол құрылысында мұндай материалдың түрлеріне жер асты құбырларын, рельстік темір жолдарды жатқызуға болады.

Орташа өлшем баға әдісі арқылы жаңадан келіп түскен материалдардың бағалары қоймадағы материалдардың қалдық құндарымен біріктіріліп орташа бағасы шығарылады. Қоймаға материалдар түскен сайын баға қайтадан есептеліп, өндіріске жіберілгені және қоймадағы материалдардың қалдығы соңғы орташа баға бойынша көрсетіледі.

Өндірісте пайдаланылатын материалдар әртүрлі болып және олар ең төменгі өзіндік құнға ие болған жағдайда, сонымен бірге бағаның жиі өзгеруінде орташа өлшем әдісін қолдану өте қолайлы болып саналады. Өйткені, бұл бағалау әдісі материалдарға деген шектен тыс жоғары немесе өте төмен баға әсерлерін төмендетеді.

ФИФО әдісі бойынша өндіріске материалдар бірінші сатып алынғандардың құндарымен жіберіледі, яғни материалдарды қоймадан өндіріске нақты өзіндік құнымен жіберуді білдіреді.

Өндіріске материадық шығындарды шығару келесі тәсілдердің біреуін қолдану арқылы жүзеге асады.

Бірінші - өндіріске жіберілген материалдар алғашқы құжаттардың негізінде тікелей 8110 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотының кредитінен шығарылады. Есепті мерзімнің соңында пайдаланылмаған материалдық қорлардың қалдығы түгенделіп, осы қалдық сомасы өндіріске жіберілген материалдық шығындардың сомасын азайтады.

Екінші әдіс–орталық қоймадан жіберілген өндіріске жіберілген материалдық құндылықтар мастердің есебіне беріліп, содан кейін тек өндіріске нақты жұмсалған материалдар есептен шығарылады.

53. Өндірістік мекемелерде шығындардың пайда болу орны туралы сипаттама берініз

Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.

Экономикалық әдебиет пен тәжірибеде шығындардың пайда болу орны бойынша таңдалатын шығындардың құрамын топтастырудың екі тәсілі қарастырылады:

- кәсіпорынның қызметімен байланысты тікелей және жанама шығындар;

- өнімдердің барлық түрлері үшін жалпылама сипатқа ие болатын және жекелеген өнім түрлеріне тікелей жатқызбайтын кәсіпорында туындаған жанама шығындар. Тікелей шығындар өнімдердің жекелеген түрлері бойынша есептеледі.

Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді.

54. Экономикалық ақпарат түрлері мен оларға сипаттама берініз

Экономикалық ақпарат кәсіпорынның өндірістік шаруашылық кызметін дәйекті және толық көрсетеді, мынадай түрлерге бөлінеді: жоспарлы, нормативті анықтамалық және есептік.

Жоспарлы ақпарат болашақта жасалуы мүмкін іс-әрекетті таңдау үшін мәліметтер ұстайды. Жоспарлы-экономикалык ақпараттық негізгі мазмұнын техникалык-экономикалык және оперативті өндірістік жоспарлау құрайды, кез келген құрылымдық бөлімшенің және тұтастай кәсіпорынның қызметін қамтиды.

Нормалы-анықтамалық ақпарат - экономикалық ақпараттың қалған түрлері арасындағы байланыстырушы буын. Оның құрамы өндіріс түрімен, шығарылатын бұйымдардың номенклатүрасымен және күрделігімен, өндірісішілік еңбекті болумен, ішкі шаруашылык байланыстарының даму деңгейімен белгіленеді. Бұл белгілер техникалық-экономикалық және оперативті-өндірістік жоспарлаудың, өндіріс есебінін, өндіріске және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға жұмсалған шығындар есебін тәсілдерін қолдануға негіз қалаушылар болып табылады.

Экономикалык ақпараттың басқа түрлері сиякты есептік ақпаратгың да жалпы белгілері, нормалы-ақпаратты және жоспарлы түрлердегі принциптері мен объектілері бар. Есептік ақпараттық жүйе мынадай сатылардан тұрады: алғашқы мәліметтерді жинау, өзгерту, тіркеу, есептеу орталықтарына немесе басқару аппаратына өңдеу үшін беру, оперативті басқару үшін мәліметтерді өндеу, мағлұматтарды талассыз түсуі мен белгілі бір принциптер бойынша жинақтау мен топтастыру, аналитикалық және синтетикалык есепте колданылатын жиынтық акпаратты және есептеу өндірісін қалыптастыру ішкі және сырткы есеп беруді жасау.

55. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне сипаттама

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшу, жаңа экономикапық жағдайлар бухгалтерлік қызметтің міндеттері мен өкілеттіктерін ұлғайтуда. Бухгалтерлік мамандық сапалы жаңа деңгейге шығып, бухгалтер өз қызметінде шаруашылық фактілерін есептік тіркеуден өндірісті басқаруға көшіп, жаңа сатыға көтерілді.

Басқару іс-қызметі тиген бухгалтерлер бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) деп аталады. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне толығырақ тоқталайық. Басқарма іскерлік байланыстарды жоспарлау, бақылау мен реттеуден (ақпарат алмасу) және ынталандырудан тұратыны бәрімізге белгілі.

Жоспарлау. Бухгалтер-талдаушы өнімнің қандай түрлерін, қай рынокта, қандай бағамен сату мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ күрделі каржы жөніндегі ұсыныстарды бағалау үшін ақпарат бере отырып, өндірістік бөлімшелердің келешектік жоспарларын (бюджеттерін) жасауға катысады. Жоспарларды жасау төменнен жоғары қарай жүзеге асырылады.

Бухгалтер-талдаушы смета жасағанда қысқа мерзімді жоспарларды жасағанда басты рөлдердің бірін атқарады және көрсеткіштерді болжау кезінде қажет болуы мүмкін мәліметтерді жете дайындауды үйлестіреді және олардың өзара ұштасуын қадағалайды.

Бақылау мен реттеу. Бухгалтер-талдаушының қатысуынсыз бұл процестің де болуы мүмкін емес.

Бақылау мен реттеу процестерін жүзеге асыру үшін жеткен нәтижелер туралы есептерге саясатын басқару есептерінің мәліметтері пайдаланады. Бұл есептерде нақты нәтижелерге және әрбір жауапкершілік орталықтары үшін жоспарланған көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жасалады.

Бухгалтер-талдаушы өндірістік нәтижелерге шұғыл талдау жүргізе отырып, өндірістің осал тұстарын белгілеп, бақылау мен реттеу процестерін іске асырады.

Осылайша, бухгалтер-талдаушы, біріишіден, басшылық алдында бөлімшелердің бухгалтерлік есептерінің шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді, екіншіден жауапкершілік орталықтары басшыларына жоспарлау мен жұмыс қорытындысын шығаруда көмек көрсетеді. Сондықтан ол өзінің тәуелсіздігі мен әділеттілігін (объективтілігін) менеджерге кәсіпорынды басқаруда шынайы ықласпен көмектесу ниетімен үйлестіруі тиіс.

56. Өндірістік шығындар есебінің тапсырыстық әдісі

Өндірістік шығындар есебі мен өзіндік құнды анықтау үшін екі калькуляциялық шот қолданылады: негізгі өндіріс шоты 8010 және көмекші өндіріс шоты 8030.

Негізгі өндіріс шотының Дебеті тиісті шоттардың кредиті өндіріске жұмсалған тікелей шығындардың мөлшерін көрсетеді, материалдар, еңбек ақы, еңбек ақыдан аударымдар.

Дт 8110 Кт 1310, 3350.

Жанама шығындар алдын ала үстеме шығындар құрамында есептеліп, содан соң белгіленген бөлу базалары арқылы негізгі өндістегі өндірілген өнім және аяқталмаған өндіріс арасында таратылады. Үстеме шығындарға: машиналар мен механизмдерді пайдалану шығындары, негізгі құралдарды жөндеу шығындары, жылу, энергия, жарық, аренда, қызмет көрсетуші персонадардың еңбек ақылары және т.б шығындар жатады.

Көмекші өндіріс шығындары есепті мерзім ішінде көмекші 8030 штында жинақталып, есепті мерзімнің аяғында негізгі өндіріске апарылады.

Есепті мерзімнің соңында өндірілген өнімнің өзіндік құнны анықтау үшін алдыменен түгендеу және жедел есеп арқылы есепті мерзімнің аяқталмаған өндіріс көлемін анықтап, бағалайды, содан соң аяқталмаған өндіріс құнына шығындарды қосып, одан ақау болған өнімнің сомасын азайта отырып, есепті мерзімнің аяғында аяқталмаған өндірістің көлемін есептеп шығарады.

Дт 8110 Кт 1310 – 950,0 тг жұмсалған материалдар

Дт 8110 Кт 3350 – 500,0 тг есептелген еңбек ақы

Дт 8110 Кт 3350 – 120,0 тг еңбек ақыдана аударымдар

Дт 8110 Кт 8310 – 1035,0 тг үстеме шығындар

Барлық шығын 2605,0 тг

Дт 1320 – Кт 8110 – 2190,0 тг алынған дайын өнім

Дт 1340 – Кт 8110 – 4150, тг аяқталмаған өндіріс көлемі.

57. Шығындарды топтастыруға сипаттама берініз

Қаржылық есепте шығындар өндірі

Доверь свою работу ✍️ кандидату наук!
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой



Поиск по сайту:







©2015-2020 mykonspekts.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.